Жүктеу
  • Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 66
  • + 7 (7172) 23 16 01, + 7 (7172) 23 15 96
  • gb1-astana@mail.ru

Біздің сайтымызға қош келіпсіз! Сіздер осында барлық қажетті ақпаратты таба алатыныңызға үміттенеміз!

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

№1 қалалық аурухана 1925 жылы салынған болатын, ол уақытта уездік емдік мекеме базасында 40 жатын орынға арналған Ақмола қаласының Бірінші ауруханасы ұйымдастырылған еді. 

Бүгінгі күнде – бұл бірегей жабдықтармен жабдықталған, шұғыл және жоспарлы тәртіпте мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін заманауи тұрғыдағы көп салалы клиникалық орталық. Аурухана қабырғаларында әлемнің бастаушы клиникаларында оқыған кәсіпқойлар командасы тәулік бойы еңбек етеді. 

Клиника қуаттылығы 638 жатын орынды құрайды. Клиника құрамында Еуропа, АҚШ, Жапония әлемдік брендтерінің эксклюзивті жабдықтарымен жабдықталған 28 клиникалық бөлімшелер бар.

Алдыңғы қатарлы диагностикалық базаның жоғары әлеуетінің, біздің қызметкерлеріміздің бірегей тәжірибесі мен білімдерінің үйлесуі, біздің емделушілеріміздің нағыз талап ететін үміттерін қанағаттандырады.

Біздің МИССИЯМЫЗ: Қызметкерлер кәсіпқойлығының, интеллектуалды әлеуетінің және максималды жайлылықты жағдайларымен жоғары технологиялы жабдықтың үйлесуі негізінде, халықаралық стандарттар бойынша халыққа сапалы, қауіпсіз, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету.

Біздің ПАЙЫМЫМЫЗ: аурухананы басқарудыңжәне инновациялық технологиялардың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасынжәне емделушілердің қауіпсіздігін тұрақты арттыру.

Біздің  ҰРАНЫМЫЗ:  Ең жақсысы  –  Сізге!

Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және медициналық қызмет көрсету сапасы, қызметкерлердің ықыласты және қайырымды қарым-қатынасы Сіздің баға жетпес сыйыңыз – ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ сақтау және жақсарту үшін ең жақсы жағдайларды жасай алатынына үміттенеміз.


Біздің мекенжайымыз:

Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66

Бізбен байланыс:

+7 7172 23 16 01 – Анықтама орны

+7 7172 23 15 96 – жоспарлы емдеуге жатқызу мен консультациялық-диагностикалық қызмет сұрақтары бойынша

Бізге келесі бағдарлы автобустарда жетуге болады: № 7, № 9, № 22, № 28, № 34, № 48.