№1 көпбейінді қалалық аурухана әнұраны
Сөзі: Жандарбек Бұлғақов, Жалғас Кеңесов
Әні: Жалғас Кеңесов
1. Мейіріммен мүлдем тыным таппады,
Талай жанның өмірлерін сақтады.
Ақ халатты абзал жандар күн-түні
Еңбегімен ел сенімін ақтады.
Әр адамның амандығын тіледі,
Дәрігердің еңбегін ел біледі.
Денсаулығын сақтау үшін халықтың
Күндіз-түні ауырады жүрегі.
Қайырмасы:
Халық үшін төріміз,
Ауырмасын еліміз.
Ең жақсысы Сіздерге,
Бізге әркез сеніңіз.
Ақ халатты жандармыз,
Жалын от боп жанғанбыз.
Денсаулықты әрқашан
Бағалаудан танбаймыз.
2. Дәрігерлер ақ халатты армысың,
Бетке ұстар маманымсың жалынсың.
Алдыңызға келген әрбір адамдар
Шипа алып, өз дертінен арылсын.
Тәуелсіздік бізге сенім артады,
Білікті жас толтырады ортаны.
Ынтымақ пен бірлік, білім әр кезде,
Биіктерге, қияларға тартады.
Қайырмасы:
Халық үшін төріміз,
Ауырмасын еліміз.
Ең жақсысы Сіздерге,
Бізге әркез сеніңіз.
Ақ халатты жандармыз,
Жалын от боп жанғанбыз.
Денсаулықты әрқашан
Бағалаудан таңбаймыз.
Ақ халатты жандармыз!