Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Оториноларингология – құлақ, тамақ, мұрын, сонымен қатар бас және мойын паталогиясын емдеу және диагноз қоюға бағытталған медицинаның бір саласы және медициналық мамандық болып табылады. Осы мамандық бойынша қызмет жасайтын дәрігерлер оториноларингологтар немесе қысқартылған түрде ЛОР-дәрігерлер деп аталады.

№1 көпбейінді қалалық аурухананың оториноларингологтары құлақ, тамақ және мұрын қуысы аурулары кезінде отоларингологиялық операциялар мен манипуляциялардың барлық түрін көрсетеді. Операциялық әрекеттер жоғары технологиялық әдістерді, аз мөлшерде инвазиялық техниканы қолдана отырып жоғары кәсіби дәрежеде жасалады.  

Орталықта шағын және жоспарлы операция жасау бөлмелері бар. Шағын операция жасау бөлмесі ЛОР ағзаларына кіші операцияларды, сонымен қатар сандық тасымалдаушыларға кейін жазып алуымен эндоскопиялық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Жоспарлы операция жасау бөлмесі құлақ, тамақ, мұрын аурулары бар пациенттерге аз инвазиялық операцияларды жасауға арналған эндобейнеаппаратурамен жабдықталған. Сонымен қатар естуді жақсартатын және эндоларингеалды операцияларды жасау, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін микрохирургиялық аспаптар мен операциялық микроскоп бар.

Оториноларингология орталығы базасында академик Райс Кажкенович Тулебаев басқаратын және бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін жетекші профессорлары бар «Астана медицина университеті» АҚ ЛОР-аурулары кафедрасы орналасқан. Ғылыми-клиникалық жұмыстар мен шеберлік сағаттарын өткізу. Дүние жүзінің жетекші клиникаларымен меморандумдар бар. Жыл сайын алыс шетелдің халықаралық конференцияларында баяндамалармен дәрігерлер сөз сөйлейді және шетелде Еуропаның жетекші клиникаларында оқиды.           

Қызметтер ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде көрсетіледі.  

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) тегін көрсетіледі.

№1 көпбейінді қалалық ауруханасының оториноларингология бөлімшесі қызметтерінің негізгі спектрі:

  1. Есту қабілетін жақсартатын операциялар (тимпанопластика 1,2,3,4 түрлері, стапедопластика, ортаңғы және ішкі құлақ имплантаттарын орнату).   
  2. Мұрнымен дем алуды қалпына келтіру бойынша операциялар (мұрын далдасының сілемейқабықасты резекциясы, септопластика, конхотомияның барлық түрлері).
  3. Мұрынның қосалқы қуысының хирургиясы (FESS – мұрынның қосалқы қуысының функциялық эндоскопиялық хирургиясы, мұрынның қосалқы қуысына түбегейлі операциялар).  
  4. ЛОР ағзаларының қатерсіз ісіктері (жылауықтар, мұрынның қосалқы қуысының түймешіктері, мұрын-жұтқыншақтың қатерсіз ісіктері, фибромалар, көмей жылауығы, остеомалар).    
  5. Көмей хирургиясы (көмейдің тыртықты тарылуы, дауыстық іркістердің парездер/сал аурулары кезіндегі операциялар).
  6. Сыртқы мұрын мен құлақ қалқанының косметикалық және реконструктивті операциялары.
  7. Қорылды хирургиялық емдеу (увалопластика, увалопалатопластика).  
  8. Гломус ісіктері мен параганглиомаларды алып тастау бойынша қазіргі заманғы операциялар енгізілген.

ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • әлемнің жетекші клиникаларында мамандану
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе 
  • құпиялық

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша

       +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 45– Оториноларингология орталығы

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Оториноларингология орталығы, 4-ші қабат.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді