Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

27 қыркүйекте сағат 12.00-де, конференц-залда, Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жыл сайын Қазақстанда 1 қазанда кәрілікті құрметтеу және қадірлеу, егде жастағы адамдардың еңбегін қадірлеу белгісі, олардың мемлекетті дамытуына сан қырлы қосқан үлесі, дәстүрге құрмет көрсету ретінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.

Қазақстандықтардың әр жаңа ұрпағы үлкендердің даналығымен, олардың тәжірибесі мен өнегелі қасиеттерімен өсіп үйренеді. Соғыс уақытында өздерінің ерлік ісімен олар дүние жүзін қорғады және сақтап қалды, жер бетіндегі өмірді құтқару үшін аштық пен жоқшылықты бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары қираған халық шаруашылығын қалпына келтірген, өз еңбегімен экономиканы дамытуына зор үлес қосқан.

Мемлекет аға буын алдындағы өз борышын сезінеді. Бүгінгі күнде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бөлігіне айналған, күнделікті қамқорлықпен, қолдаумен ғана өтеуге болатын қарыз.

Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1990 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған.

Қарттар күнін өткізу мақсаты – егде жастағы адамдардың мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, қоғамның демографиялық қартаюы мәселесі, егде жастағы адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттілігі, олардың қоғамды дамытуына қосқан үлесі, егде жастағы адамдарға қарым-қатынасты өзгерту қажеттілігі; егде жастағы адамдарды тәуелсіздікпен қамтамасыз ету, қоғамдық өмірге қатысу, ішкі потенциалды жүзеге асыру және олардың құндылығын қолдау үшін қажетті күтім, жағдай туралы жұртшылыққа ақпарат беру дәрежесін жоғарылату.

Бүгінгі күнде 60 - 75 жас шамасындағы ер адамдар егде жастағылар деп саналады. Әйелдер үшін бұл жас 55-тен басталады. Қазақстанда егде жастағы адамдар саны 2 миллионнан асады және жыл сайын олардың саны үнемі арта түсуде. Осымен бірге кәрілікті жалғыздықта өткізетіндердің саны да.

Салтанатты жағдайда №1 қалалық аурухана Кәсіподақ комитетінің төрағасы Наталья Елисеевна Тёның және токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Канат Сагимбаевич Аушакимовтың құттықтау сөздері айтылды.

Халықаралық қарттар күні шеңберінде, №1 қалалық аурухана мен Астана қаласының 1ҚА Кәсіподақ комитеті аурухананың барлық бұрынғы және қазіргі егде жастағы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Владимир Иванович Люст, Наталья Ивановна Кононова, Алла Григорьевна Гурова, Болатбек Зиябекович Жусупов, Клара Саукеновна Жагипарова сияқты 1ҚА қайраткерлері қызметкерлердің өмірінен алынған көптеген қызықты оқиғаларды айтты және жас ұрпақпен бөлісті. Музыкалық нөмірлерді Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚазҰөу-нің 4 курс студенті Бекзат Торганбек орындады. Ресми бөлімде әкімшілік пен кәсіподақ комитеті атынан мерейтой иелері 50, 60 жастағы қызметкерлер атап өтілген болды (20000 теңге тұрмыстық техникаға «Технодом» сертификаты және шай жиынтығы), сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлерді де құттықтады. Сондай-ақ біздің ауруханамыздың ардагерлерін Валентина Матвеевна Власованы және Валентина Николаевна Бородииды үйіне барып құттықтады.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді