Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Кардиология бөлімі 1975 жылы 18 қарашада «№ 1 көпбейінді қалалық аурухан» базасында құрылды.Көптеген жылдар бойы жүрек-қан тамырлары патологиясынан зардап шегетін мыңдаған науқастар емделіп, өмірлері  құтқарылды. Өз білімі мен жинақталған тәжірибесін жаңа буын дәрігерлеріне беретін, өз ісіне берік, кәсіби дәрігерлердің бірнеше ұрпағы тәрбиеленді. Зерттеулердің дәлелді базасы мен әлемдік стандарттарға сүйене отырып, емдеудің мамандандырылған және жоғары мамандандырылған түрлерінің озық әдістемелері енгізілді және кеңінен қолданылады.

 Аурухананың кардиологиялық бейіні медициналық қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады:

  • күретамырлы қысымның көтерілуі
  • жүректің ишемиялық ауруы (созылмалы ағым)
  • жүрек ырғағының  бұзылуы
  • бастапқы және қайталама генездің кардиомиопатиялары
  • миокардит
  • коронарлық артерияны айналып өтуден, туа біткен және жүре пайда болған кейбір жүрек ақауларын түзетуден кейінгі жағдайлар
  • қан айналымы жүйесінің кез келген патологиясының нәтижесіндегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

2022 жылғы 15 шілдеден бастап кардиологиялық және пульмонологиялық бейңндер Астана қаласының тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін «№ 1 Терапия» бөлімшесіне біріктірілді.

 2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Тері астындағы коронарлық араласу орталығы» құрылды. Мұнда «№1 терапия» және рентгенхирургия бөлімшелерінің бірлескен күш-жігерімен миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерді емдеу жүргізіледі. Орталық халыққа тәулік бойы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін екі жоғары дәлдіктегі ангиографты қоса алғанда, әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи жабдықтарымен жабдықталған: коронарография, коронарлық артерияларды стенттеу, қосалқы құрылғылар мен электрокардиостимуляторларды имплантациялау.

Кардиолог дәрігердің кеңесін алу үшін жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін анықтама қызметі арқылы жазылуға болады

Анықтама қызметінің телефоны: +7 (7172) 51-57-02

Күн сайын 8:00-ден 19:00-ге дейін

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді