2015 жылғы 8-10 сәуір аралығында Қазақстан, Великобритания, Сауд Арабиясы, Монғолия, Қырғызстан және тағы да басқа мемлекеттердегі трансплантология бойынша жетекші мамандардың қатысуымен Сеул Ұлттық Университетінің Госпиталында (Оңтүстік Корея) «Medical Korea – 2015» конференциясы өтті.
Осы конференцияда «Қазақстандағы трансплантологияның дамуы» тақырыбында Астана қаласының №1 Қалалық аурухананың трансплантология және гепатобилиарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Абылай Абдужаппарович Донбай баяндама оқыды. Өз баяндамасында екі мемлекет арасындағы (Қазақстан-Корея) трансплантология шеңберіндегі екі жақты серіктестік, сонымен қатар ҚР трансплантология саласы бойынша оң көзқарасқа ие екендігі және ота жасаудың мұндай түрін жүргізетін мамандар еліміздің бірнеше елді мекендерінде бар екендігі туралы баяндады. Астана қаласының №1 Қалалық аурухана және Сеул ұлттық университеті Госпиталінің трансплантологтарымен бауыр және бүйректі ауыстыру бойынша табысты ота жасалынуда. Бүгінгі күні Астана қаласының №1 Қалалық аурухана базасында 11 бауыр трансплантациясы, 3 бүйрек трансплантациясы жасалынды.
А. Донбайдың баяндамасын тыңдап болғаннан кейін профессор Кванг-Вунг Ли Астана қаласының №1 Қалалық аурухана ҚР инновациялық технологияларды ендіріп келе жатқан қалалық деңгейдегі бірінші стационар болып табылатындығын айтты. Ағзаны отырғызу бойынша ота санының аз уақыт ішінде артуы Қазақстан Республикасының трансплантология саласының жоғары деңгейін көрсетеді және Әлемдегі денсаулық сақтау қызметіндегі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан табылуға мүмкіндік береді. Астана қаласының №1 Қалалық аурухана және Сеул ұлттық университеті Госпиталі арасындағы серіктестік одан әрі жалғасын тауып, жаңа арналарды қамти отырып кеңейе береді.