Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 9 қазанда Астана қаласының № 1 қалалық ауруханасының 90 жылдығына орай салтанатты іс-шара болып өтті.

Аурухананың 90 жылдығын мерекелеуіне арналған мерейтойлық іс-шара, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында салтанатты кештен басталды. 

Салтанатты іс-шараға қалалық әкімшіліктің өкілдері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының дәрігерлері-ардагерлері қатысты.

Құттықтау сөзін Астана қаласының әкім орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев айтты және ұжымға олардың ауыр, көп еңбекті талап ететін жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, үздік қызметкерлерге Құрмет грамоталарын тарту етті.   

Кіріспе сөзінде аурухана бас дәрігері М.Қ. Абдуов аурухананың 90 жылдық тарихын еске салды, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының жетістіктерімен және жоспарларымен бөлісті.

Мерейтойдың салтанатты күнінде аурухананың барлық ұжымын құттықтауға және Астана қаласының №1 қалалық ауруханасын дамытуға зор үлес қосқан аурухана ардагерлеріне мерейтойлық кәдейсыйларды тапсыруға:

- Надежда Михайловна Петухова – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

- Мәжит Зейнуллаұлы Шайдаров - «Астана Медицина университеті» АҚ ректоры.

- Райс Қажыкенұлы Төлебаев – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ЛОР және көз аурулары кафедрасының меңгерушісі.

- Ерік Әбенұлы Байжүнісов – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы келген.

Бас дәрігер атына және аурухананың барлық ұжымына жылы құттықтау сөздерін Астана қаласының емдеу-алдын алу мекемелерінін бас дәрігерлері де айтты. 

Мерейтойды тойлаудың екінші бөлімі Астана қаласының №1 қалалық аурухана базасында мұражайдың ашылуынан басталды, онда аурухана ғимаратының, аурухана қызметкерлері-ардагерлерінің тарихи суреттері, аурухана туралы басылым материалдары, аурухананың 80 жылдығына орай шығарылған кітап, грамоталар, жетістіктер, құттықтау кубоктары, медициналық тарихи бұйымдар қойылған болды және «Көп бейінді аурухананың тәжірибелік денсаулық сақтауының өзекті мәселелері» және «Медбике ісіндегі ииновациялар» 2 бөлім бойынша өткен, «Тәжірибелік денсаулық сақтаудағы озық медициналық технологиялар» тақырыбына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.

«Көп бейінді аурухананың тәжірибелік денсаулық сақтауының өзекті мәселелері» бөлімінің төрағалары:

- Ж.А. Досқалиев – м.ғ.д, профессор, Астана қаласының Трансплантология бойынша республикалық үйлестіру орталығының директоры. 

- Р.Қ. Төлебаев – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ЛОР және көз аурулары кафедрасының меңгерушісі.

- Кванг-Вунг Ли – MD, PhD, хирургия бөлімшесінің профессоры, Сеул Ұлттық университетінің госпиталі денсаулық сақтау халықаралық орталығының атқарушы директоры. 

- Е.А. Тайгулов – м.ғ.д, профессор,«Астана Медицина университеті» АҚ интернатура бойынша хирургия кафедрасының меңгерушісі. 

- А.М. Жанаспаев – м.ғ.д., профессор.

- С.А. Байдурин – м.ғ.д., профессор, «Астана Медицина университеті» АҚ №1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі болды.

«Медбике ісіндегі ииновациялар» бөлімінің төрайымдары:

- З.К. Хасенова – м.ғ.к, ҰМБО «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі.

- А.А. Биржанова – Астана қаласы, «Қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің» бас медбикесі.  

- Р.А. Бейсенова – Астана қаласы, «№1 перинаталдық орталығы» бас медбикесінің міндетін атқарушы болды.

Екінші бөлім қорытындылары бойынша, конференцияда қозғалған мәселелерге қарар шығару туралы шешім қабылданды. 

Конференция бағдарламасының ойластырылуы мен логикалық бірізділігі және ұйымдастырушылармен туғызылған іс-шара атмосферасы   қатысушыларға баяндамашылармен ұсынылған ауқым ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді