Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2016 жылдың 17 маусымында №1 қалалық аурухананың мәжіліс залында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналыс барысында бас дәрігердің міндетін атқарушы Наталья Петровна Павлова аурухана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Құттықтау сөзінде Наталья Петровна ұжымға еңбегі үшін, кәсібилігі үшін алғыс айтып, аурухана қызметкерлеріне одан әрі кәсіби шыңдалуы мен табыстар тіледі, сондай-ақ сыйлықтар мен құрмет грамоталарын берді.

Осы жылы Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аурухананың мынадай қызметкерлерін  ерекше атап көрсетті:  бас дәрігердің бақылау және сапа жөніндегі орынбасары Алла Бекенқызы Габдрахманова «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен, көпжылдық еңбегі және медицина саласына қосқан үлесі үшін жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Актлеуұлы Биханов құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ осындай атаулы күні Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының атынан «Кәсібіне адалдығы үшін» номинациясының жеңімпазы инсульт орталығының меңгерушісі Айгуль Орынбекқызы Қайсарбекова марапатталды. 500 000 теңге мөлшерінде туристік жолдамаға куәлік сыйлығы берілді.

«Қазақстанның үздік дәрігері» әлеуметтік порталын құрушының атынан Айнұр Тажинаға  сыйлық әзірленді, сондай-ақ қоғаммен танылған ең үздік дәрігерлерге «Искусство врачевания-быть признанным в профессий» атты әдебиет жинақтары берілді, олардың басым бөлігі мінсіз, оң пікірлерге ие болды, атап айтқанда:

  1. Руслан Сагатұлы Ботаев
  2. Ерлан Нұрмұхамедұлы Калиев
  3. Еділ Бакишұлы айтжанов
  4. Алма Кашымұрқызы Бексұлтанова
  5. Ольга Григорьевна Кузнецова
  6. Думан Кажибайұлы Төребеков
  7. Ревкат Галисович Фасиев

Ұжымға Бақылау кекеңісінің төрағасы, Астана медициналық университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Серік Ескендірұлы Ибраев құттықтау сөздерін айтты.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді