«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі, «Өркен» Іскерлік Орталығы мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.
Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.
Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:
- зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;
- зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;
- кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;
- 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;
- базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.
«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.
enpf.kz