Астана қ., Қошқарбаев даңғ., 66 мекенжай бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 көпбейінді қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тендер тәсілімен медициналық бұйымдар сатып алу туралы жариялайды:
1) Сатып алынатын тауарлардың атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр бір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома Тендерлік құжаттамаға №1қосымшада берілген;
2) Жеткізу мерзімі және шарттары – 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіден өтінімді алған сәттен бастап. Жеткізу орны - Астана қ., Қошқарбаев даңғ. 66, дәріхана қоймасы;
3) Әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттаманы www.auruhana1.kz сайтынан ала алады;
4) Тендерлік өтінімдерді ұсыну орны - Астана қ., Қошқарбаев даңғ. 66, 2-ші қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі, сағат 08:30 минуттан бастап 17:00 минутқа дейін (демалыс және мереке кұндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13:00 ден 14:00 дейін). Тендерлік өтінімді берудің түпкілікті мерзімі – 2021 жылдың «07» маусымдағы, сағат 09:00 дейін;
5) Тендерлік өтінімдері бар конверттер Астана қ., Қошқарбаев даңғ. 66, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша 2021 жылдың «07» маусымдағы сағат 11:00-де ашылатын болады;
6) Анықтама және қосымша ақпараттарды 8(7172) 506642 телефоны және goszakupgb1@mail.ru арқылы алуға болады.