--

1. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 1 көпбейінді қалалық аурухана" МКК, Нұр-Cұлтан Қ., Р.Қошқарбаев д-лы, 66.

2. Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары (саудалық атауы - жеке төзбеушілік жағдайында), Сауда маркасы мен өндіруші көрсетілмеген медициналық бұйымдардың (бұдан әрі - тауар) атаулары және олардың қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бойынша сатып алу үшін бөлінген сома (хабарландыруға №1 қосымша) осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады..

3. Сатып алынатын шығыс материалдарының тізбесіне (хабарландыруға № 1 қосымша) сәйкес жеткізу мерзімдері мен шарттары осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

4. Құжаттарды тапсыру (қабылдау) орны және баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі: Астана қаласы, Р.Қошқарбаев д-лы, 66, 2 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі, сағат 11.00-ден 13.07.2021ж. 11.00-ге дейін, 20.07.2021ж. Жұмыс тәртібі 08сағат 30 минуттан бастап 17 сағат 30 минутқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан бастап 14сағат 00 минутқа дейін.

5. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны: конверттерді ашу 20.07.2021ж. сағат 11.15-те Астана қаласы, Р.Қошқарбаев д-лы, 66, 2 қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекен-жайы бойынша өтеді.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін мөрленген түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімдерде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды..

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың талаптарын сақтай отырып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытындылар хаттамасын жасайды, оған мыналар кіреді:

1) сатып алынатын Тауарлардың қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы, фармацевтикалық қызметтер;

2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;

3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

4) баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы көрсетіледі.

Хаттама Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады (www.auruhana1.kz).

Тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы бұл туралы хабардар ететін ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайларда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес баға ұсынысы мен құжаттары ұсынылған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осындай әлеуетті өнім берушіні сатып алудың жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

Баға ұсыныстары болмаған кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.

Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі: Кыстаубаева Ж.Б., мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, тел: +7-7172-50-66-42; эл.мекен-жайы: goszakupgb1@mail.ru.