Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

БОСАНҒАНДАҒЫ АУРУСЫЗДАНДЫРУ

Сіздердің  назарларыңызға  босанғандағы  аурулар  және  оларды  жеңілдету  әдістері  туралы  мәлеметтерді  ұсынамыз.

Біздің  орталықтағы     босанғанда  қол жетімді  ауруды  жеңілдетін  құралдар  туралы  мәліметтерді  Сіздерді  бақылайтын    медперсоналдан  білулеріңізге  болады. 

Біздің  перзентханадағы    әйелдерге  босанар  алдындағы    дайындыққа  қатысу  өте  пайдалы.   Онда  Сіздер  өзіңіздің  жүктілігіңіз,  босануыңыз, және  баланы  күту  туралы  пайдалы  мәліметтер  аласыздар.  Бұл   дайындықта  Сіздерге  мүмкін  қажет  болып  қалу  процедуралар  туралы  айтады.  Босанғанда  қандай    және  не  болатыны  туралы  естисіз,  Сіздің  босанар  алдында  қобалжуыңызды  басады . Акушерлер  босанғанда  толғақ уақытында  дем  алуыңызды  басқаруды  басқаруға  үйретеді.  Сонымен қатар,  Сіздерді  жүктілік  және  босанған  уақытта  буындар  мен   омыртқа  бағандарымен  үлкен  проблемалар  туындамас  үшін :  қалай  қозғалу,  қалай  дұрыс босаңсу  туралы  білесіздер.

Бұл  дайындықта ауырсынуды  басатын  қазіргі  заманның   әдістері  туралы  білесіздір.Егер  Сіздер  анестезия  әдістері  туралы    көбірек  білгілеріңіз  келсе,  ол  анестезияны  Сіздерге  пайдалануға  бола ма  -  осының  бәрін  анестезиологтан  кеңес  алып  білесіз.  Анестезиологтар  Сіздерге  ауырсыздандырудың   басқа да әдістері туралы кеңес  береді. Біздің  анестезиологтар  болашақ  аналар  мен  серіктестері  үшін    босануды. ауырсыздандырудың  әдістерімен  таныстырады.

Эпидуралдық  аналгезия.

Бұл  процедура катетермен  омыртқа  мен  бел  аумағы  арқылы  жіңішке  трубочка  енгізу  арқылы  жүргізіледі.

Бұл босану мерзімінде анестезиолог жасайтын ең ауыр әдіс.

Эпидуралдық анальгезия -  босанғанда  бала  мен  анаға   ең  қауіпсіз  және  тиімді  ауырсыздандыру.

Эпидуралдық   анальгезияны    кімге  жасауға  болады?

Бұл  процедура  әйелдердің  көпшілігіне  жасауға  болады,  бірақ  барлық  медициналық процедуралар  сияқты олдануға  болмайтын  жағдайлары  болады. Егер  қолдануға  болмайтын  жағдайлар  болмаса   бұл  процедура  аналар  мен  балаларға   өте  пайдалы.

Оны қалай  жасайды?

Алдымен  инфузиямен  системаны  орнатады. Бұл  процедура  дегеніміз  сіздің  тамырыңызға   ерітіндіні енгізеді. Дәрі тамызғыш босану кезіде бірнеше себептерге байданысты қажет болады. Содан кейін сізді алға қарай еңкейіп, отыруыңызды сұрайды.

Одан  кейін  аоқаңызды антисептикпен өңдеп, тері  астына  жергілікті  анестетик  енгізеді.

Терінінің ауырсынулығын басқаннан кейін эпидуралды пункцияның өзі ауырмай өтеді.  Жіңішке  трубочканы (катетер) арқаға  орнатып, жатырдан ауырсыну испульстерін әкелетін нервқа жақындатады. Бұл жерде жұлынми маңының қабыршағын тесіп алмау үшін, және де бас ауруын арттырмау үшін мұқият болу керек. Сондықтан  анестезиолог процедураны жжасау  уақытында  қозғалмай  отыру  керек.  Эпидуральді катетерді  орнатқаннан  кейін , оған ауырсыздандыратын  препаратты қажеттілік бойынша немесе арнайы шприц-дозатормен үзбей еңгізеді. Бұл  уақытта  акушер  сіздің  артериалдық  қан  қысымыңызды  тексеріп  тұрады. Акущер  және анестазиолог   анальгезияның    әрекетін  тексеріп  тұрады. Әдетте әсердің келуіне жиырма минуттай уақыт қажет. Әң  көптегенде  ауырсыздандыру 30-40 минут ішінде болады.

Эпидуральдық   блокада    қалай  әсер  етеді?

Эпидуральдық   блокада ұйқыға және  әлсіздікке  тартпайды.

Кейде   қан  қысымын  төмендетеді,  сондықтан  капельница  қажет  болады.

Кейде дене дірілі  байқалады,  бірақ  ол  өзінен  өзі  кетеді.

Эпидуральді блокада босанудың екінші кезеңін баяулатуы  және толғақты бәсеңдетуі мүмкін, бірақ өздігінен босанады. Босану механизмі өзгеріссіз қалады.

Эпидуральді блокада балаға жақсы болатын босану стрессінің біраз бөлігін алады.

Біздің елімізде эпидуральді блокададан кейінгі бас ауру 0,1-1% жағдайларда ғана кездеседі. Егер сізде бас ауруы пайда болса, оны емдейтін әдістер бар.

Жүктілік кезінде бұлшықеттерге күш түсіруден пайда болатын арқа ауруы тән. Қазіргі уақытта эпидуральді блокададан кейін созылмалы арқаның ауруы болмайды деген мәліметтер бар, дегенмен катетер салған орында ауру бір немесе екі күндей болуы мүмкін.

2000 босанған әйелдердің біреуі аяғының бойымен бір шымшу немесе шаншу әсерлеріне шағымдануы мүмкін.  Бұндай шағымдар эпидуральді анестезиядан емес, босанудан пайда болады. Басқа, неғұрлым ауыр асқынулар аз кездеседі.

КЕСАРЬ ТІЛІГІ: Анестезияны таңдау

Бес нәрестенің біреуі дүниеге кесарь операциясы арқылы келеді және үш жағдайдың екеуінде бұл операция жоспарланбайды.

Баланың тууы ұмытылмас әсер қалдырады

Кесарь операциясымен босану, табиғи жолмен босану сияқты қанағаттандырарлықтай және жақсы әсер беретіндіктей болады. Егер сізге кесарь операциясы қажет болса, бұл фактті еш уақытта да жол болмаушылық деп қабылдамаңыз. Есіңізде болсын, басты мәселе – Сіздің және сәбиіңіздің қауіпсіздігі. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең бір жақсы жолы – кесарь операциясы болып табылатын жағдайлар да болуы мүмкін. 

Кесарь операциясында анестезияның (ауруды басатын) бірнеше түрлері бар. Одан басқа, Сіз анестезияны таңдауды анестезиолог дәрігерініңбен кеңесуіңізге болады. Акушерлікте жұмыс жасайтын анестезиологтар -  хирургиялық араласуларда нәресте мен жүкті әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және ауырсынуды басатын салада мамандандырылған дәрігерлер.

Кейде сіздің кесарь опреацияңыз ерте жоспарлануы мүмкін. Бұл жоспарлы кесарь операциясы деп аталады. Егер табиғи жолмен босануда қандай да бір асқынулардың пайда болуы болса ұсынылуы мүмкін. Мысал ретінде жүктіліктің кеш мерзіміндегі нәрестенің жатырда дұрыс жатпауы болуы мүмкін.

Бұдан басқа жағдайларда кесарь операциясы жедел көрсеткіштер бойынша жасалады, әдетте босану процессінде. Бұл жедел кесарь операциясы. Бұл операция босанудағы әлсіздіктен, нәрестенің жағдайының күрт нашарлауына немесе осы екі жағдайдың үйлесуі жағдайында жасалуы мүмкін.

Акушер-гинеколог дәрігер Сізбен кесарь операциясын қажет ететін себептер туралы талқылайды және Сіздің рұқсатыңызды сұрайды. 

Кесарь операциясы кезінде біздің орталықта пайдаланатын анестезиялар: жұлын және жалпы анестезия.

  1. Жұлын анестезиясы.
    Оны жоспарлы да, жедел кесарь операциясында жасауға болады. Жұлыннан жүретін нервтер омыртқаның ішінде орналасқан, ішінде сұйықтығы бар, қабыршақпен қапталған. Жергілікті анестетик дәл сол сұйықтығы бар құтының ішіне жінңішке иненің көмегімен еңгізіледі. Жұлын анестезиясы бірден келеді және анестетиктің аз дозасын талап етеді. Науқас нәресте туылғанға дейін есін біледі; сонымен қатар оның жарты денесі, яғни іші ауруды сезбейді. Бұндай анестетика ана үшін де, нәресте үшін де қауіпсіз болып табылады.
  2. Жалпы анестезия.
    Егер сізге жалпы анестезия жасаса, Сіз операция уақытында ұйқыға батасыз. Біздің уақытта бұрынғыға қарағанда жалпы анестезияны кесарь операциясы кезінде сирек қолданады. Жалпы анестезия кей жедел жағдайларда, аймақтық анестезия белгілі бір себептермен орынсыз болған жағдайда, немесе науқас хирургиялық араласу кезінде ұйқыда боламын деген жағдайда қажет болуы мүмкін.

Анестезиолог тексерісі

Анестезиолог тексерісі

Кесарь операциясы алдында Сізді міндетті түрде анестезиолог дәрігер тексереді. Ол Сізді медициналық картамен таныстырады және қажет болған жағдайда анестезияның жүруі туралы ақпаратты береді. Кейбір жағдайларда қосымша тексерулер қажет болуы тиіс. Одан басқа, анестезиолог Сізбен анестезия әдісін таңдауды талқылайды және Сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.

Анестезияның неғұрлым қауіпсіз түрін анестезиолог анықтайды. Оның айтқанына құлақ түріңіз.

Операциядан кейінгі ауруды басатын

Кесарь операциясынан кейін ауруды басатын бірнеше әдістер бар:

Аймақтық әдіс: жұлын және эпидуральді анестезия кезінде Сізге ұзақ уақытты әсері бар ауырсынуды басатын препаратты еңгізуі мүмкін.

Кейбір ауруханаларда эпидуральді катетер (жоғарыда аталған) операциядан кейінгі ауырсынуды басу үшін бірнеше уақытқа қалдырады.

Айланшыққа салынатын суппозиторий жиі хирургиялық араласудың соңында салынады.

Ауырсынуды басатын дәріні бұлшықетке беру.

Аймақтық анестезияның жалпы анестезиядан ерекшелігі

  • Жұлын және эпидуральді анестезия Сіз және нәрестеңіз үшін неғұрлым қауіпсіз.
  • Операциядан кейін ұйқышылдық сезімін сезбейсіз.
  • Операция кезінде нәрестемен тілдесіге және емізуге мүмкіндік береді.
  • Операциядан кейінгі ауырсынуды басатын препараттарды неғұрлым тез қабылдайды.
  • Нәресте неғұрлым есте туылады.

Есіңізде болсын: біздің орталықтың міндеті – ана мен бала бізден бақытты және сау кету. Сондықтан да біз сіздердің екеуіңізге де неғұрлым қауіпсіз ауырсынуды басатын әдістерді таңдаймыз.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді