Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Перзентханаға  баратын  кез  келді

Жүктілік – әр  отбасының  өміріндегі  ең   ерекше  және толқитын,ол  жүрекке жылы  тиетін    тамаша  әрекеттерге  толы кезең. Болашақ  ананы  көптеген  уақытында  қажетті   жауаптар  табылмайтын сұрақтар  мазалайды. Жүктіліктің  аяғында    оны  перзентханаға  не ала кетем  деген   сұрақ  мазалайды.

Негізі  перзентханаға  баруға  алдын –ала  дайындалған  дұрыс,  себебі  толғақ  басталғанда  ,асығып  жүріп  бірдеңені  ұмытып  кетуіңіз  мүмкін.

Cонымен,  барлық  қажетті  заттарды жинадыңыз,  бірақ  заттарыңызды  бөлек –бөлек  пакеттерге  бөліп  салғаныңыз  дұрыс  болады: босанар  алдында  қажет  болатын  заттарды 1 пакетке  салып,  босанғаннан  кейінгі қажет  заттарды  2  пакетке  және    перзентханадан  шыққанда  қажет  болатын  заттарды  3-ші  пакетке  сағаныңыз  дұрыс  болады. 1-2  пакеттерді  перзентханаға   өзіңізбен  бірге  алып  келуіңіз қажет,  ал  босанғаннан  кейін  керек  заттарды  артынан  әкелген  дұрыс  болады.

Ана  үшін:

  • Құжаттар: жеке  куәлік,  ауыспалы  карта;
  • Мобильды телефон  және  оны  қуаттандыратын  құралы.
  • Қосымша  қызмет  көрсетуге  төленген  төлемақы     туралы  түбіршік( сервистік  палата үшін, серіктестік босануүшін,  тағы  басқа взностар...)
  • Бейнекамера,  фотоаппарат   және  оны  қуаттандыратын  құрал.
  • Босануға  киетін  киім: 2-дана  ішкі  киім, халат,  теріден  тігілген  аяқкиім немесе  гелевый   аяқкиім ,носки.
  • Гигиена  құралдары: сулы  салфеткалар,  тіс  жуатын  паста , щетка, гипоаллергендік  крем,   және  т.б.  қажетті  косметика ,қағаз ,   сабын,  сүлгі;
  • Бірреттік  жаялықтар
  • Ішкі  киімдер (2-бюстгалтер, трусы,  қалың  гигиеналық  төсемдер)
  • Сіздің  серігіңізге: жеке  куәлігі,  ауыстыратын  таза  киім  мен  аяқ киім.

Жаңа  туған  нәрестеге :

  • подгузниктер (1-2 дана, размері – newborn)
  • нәрестенің  киімі: түймесіз  ашық  жиде,еңбектегенде  киетін  киім(ползунки), нәски, бас  киім (  чепчик) Бұл  заттарды  алдын  ала  үйде  жуып және  үтіктеп  қою  қажет.

Перзентханадан  шығардаарда::

  • әдемі көйлек, 
  • жайлы аяқкиім, 
  • декоративтік  косметика
  • Жыл  мезгіліне  сәйкес  жаңа  туған  нәрестеге:  әдемі  костюм немесе  конверт,  3-4 м.  лента, жаялық, бас  киім,  ползунки, түймесіз  жиде, памперстер.
  • Бейнекамера,  фотоаппарат.

Барлық  заттарды  пакетке  салыу қажет. (  сумкаға  салуға  болмайды.)

Жүктілік  уақытында  жедел  жәрдем  шақыратын   тынышсыздық  себептер:

  1. Белдің және  іштің  төменгі  жағының  ауруы;
  2. Бас  ауру;
  3. Ұрық  айналасының  суының  кетуі.
  4. Ұрықтың  қозғалысының  өзгеруі.
  5. Жыныстық  жолдардан  қанның   байқалуы
  6. Көздің  көруінің нашарлауы
  7. Демігу
  8. Аяқ,  қол, іштің,  беттің  тез  ісінуі
  9. Дене  қызуының  көтерілуі
  10. Іштің тез  кішірейуі немесе  өсуі
  11. Сіңірдің  тартылуы
  12. Жүректің  айнуы, құсу, ас қазанның  ауруы
  13. Кіші  дәреттің  шығуының  азайуы
  14. Ұрықтың  қозғалысының  өзгеруі ( жылдам   немесе  баяу)

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді