Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Емізу бойынша ақпарат

Емшек сүті балаңызға тезірек өсуге және дамуға көмек береді. Неғұрлым көп пайдалығын алу үшін сіз емізудің ай сайынғы ерекшеліктерін білу керексіз.

Нәрестенің жатырда орналасқан кезде құнарлы заттар оған тікелей кіндіктегі қан арқылы берілетін. Бірақ дүниеге келген соң, уыздың бірінші тамшыларымен нәрестенің ас қорыту жүйесі белсене қызмет ете бастайды. Енді сіздің сүтіңіз – барлық құнарлы заттардың маңызды көзі. Одан басқа, бала емген кезде оның нерв жүйесі жайбарақат, жайлы болады – өйткені ол өзін толық қауіпсіздікте сезінеді.

Емізу бойынша мамандар нәрестені алты айға дейін талап бойынша және ешқандай қоспа қоспай емізу керек екендігін ұсынады.

Алғашқы ай. Бұл мерзімде сіз нәресте екеуіңіз бір-біріңізге үйренесіздер. Бірдеңе болмаса, көңіліңіз түспесін. Жайлап сіз бір-біріңізді т.сіне бастайсыздар.

  • Нәресте 1-1,5 сағат көлемінде емшек емуі мүмкін. Тәулігіне барлығы 15-25 рет емуі мүмкін, оның ішінде 12-15 рет толыққанды емізу, ал қалғандары психологиялық жайлылық үшін қажет.

Екінші ай. Нәресте Емізу арасында аралықты ұзарта бастайды. Бірақ ол неғұрлым жиі ашықса, одан бас тартпаңыз. Нәресте ауызын жақсы аша алады, емізу кезінде сіздің көзіңізге мұқият қарайды, жүзіңізді бақылайды. Қазір ол өзін анасымен бір бүтін деп сезінеді, оған сіздің назарыңыз бен жылуыңыз қажет.

  • Нәрестені жиірек қолыңызға алаңыз. Сіздің жаныңызда болып ол барлық ауыстыруларға жайбарақат және шыдамды қарайды.  

Үшінші ай. Дефекация күнделікті болмауы мүмкін, 2-3 күнде бір рет. Бұл емізудегі нәрестелер үшін әдеттегі жағдай. Алайда егер нәресте тынымсыз болса, дәрігер шақыртыңыз – нәрестенің ас қорыту жүйесіне бір нәрсе болды деген сөз.

  • Емізу кезінде нәресте емшектен назарын жиі аудара ма? Ол одан бас тартты деп ойламаңыз! Бұлай нәресте өзін анасынан психологиялық тұрғыда айырғысы келеді. Балаңыз тұлға болсаын десеңіз, сабыр сақтап, ренжімеңіз.

Төртінші ай. Емізудің неғұрлым дәл кесетіс құралады: тәулігіне 10-14 рет. Нәресте сіздің кеудеңізді қолымен ұстайды, оны бақылайды, Емізікті қызықиекпен қатты қысуы мүмкін. Не болған жағдайда да балаға ұрыспаңыз. Емізуді тоқтататып, бұл сізге ұнамайтынын айтыңыз. Нәресте оның іс-қимылдарыанасына ұнамайтынын түсінуі керек.

  • Егер нәресте кеудеден назарын аударса (ал бұл жастағы балалар үшін әдеттегі жағдай), одан емізікті алмаңыз. Ол өзінің қызығушылығын толықтай басқанша күтіңіз. Содан соң анасының сүтін ішуге ұсыныс жасаңыз.

Бесінші ай. Емізудің саны азаяды (тәулігіне 9-14 рет). Енді нәресте емізу кезінде қандай да бір қимыл немесе шуды естісе, неғұрлым жиі назарын бөледі.

  • Тіпті айналаңызда тыныштық болса да, нәресте көңілін аударатын зат табылады. Нәрестенің әр іс-қимылына сабырлық танытыңыз, ол осылай әлемді танып жатыр. Ал ол соншалықты қызықты!

Жарты жылдан асқан соң нәресте көкөністерді, жемістерді, ботқа мен кесепелердің дәмін тата бастайды. Сіздің сүтіңіз бұл кезекте асқазан-ішек жолдарына жаңа тағамды қабылдауға көмек береді.

Алтыншы - жетінші айлар. Енді нәресте тек таңертең және ұйықтар алдында емеді (тәулігіне 6-12 рет емізу). Қалпын жиі өзгертуі мүмкін, тіпті емізікті тістеуді қайталауы мүмкін. Нәресте анасынан әлі күнге «айырылмақ».

  • Нәрестеде бұл жаста тісі шығады, сондықтан ол алманы қуана-қуана жейді. Қосымша тамақтандыруға байланысты нәресте дәретке жиірек барады (күніне 1-2 рет).

Сегізінші - тоғызыншы  айлар. Нәресте өте қозғалғыш бола бастайды және күндізгі уақытта ананың сүті туралы ұмытып кетеді. Уаймдамаңыз: түн ішінде ол барлығын қайтарады.

  • Қосымша тамақтандыруды ұлғайтыңыз. Әр тамақтандыруды емізумен аяқтаңыз. Нәресте өздігінен қалпын өзгертетініне үйреніңіз.

Оныншы – он екінші айлар. Алғашқы қадамдары нәресені кеудені неғұрлым жиі сұрауға итермелейді. Ол оны сізге жақындаған сайын сұрайды (әр 15-30 минут сайын). Нәресте бұнымен өзі айналысады: кеудені өзі алып, емізікті аузына алады. Толыққанды емізу 6-дан 4-ке дейін қысқарады.

  • Қазір баланың мәзәрәне жаңа тағамдар пайда болады. Ол оларды таңдап жеуі мүмкін. Бұл жайында уайымдаудың қажеті жоқ. Барлық қажетті заттарды ол сіздің сүтіңізден алады.

Бір жастан соң нәресте барлығын дейді, бірақ әлі күнге кеуде сұрай ма? Ол әлі күнге дейін кеудені ренжіген, құлаған немесе бір жерге соғылған кезде және тынышталу құралы ретінде қабылдайды. Сіздің сүтіңіз бірте-бірте сапасын өзгерте бастайды, бірақ бұрынғыдай құнарлы болып табылады. Аталар мен әжелердің бір жастан кейінгі емізудің зияны туралы дәлелдерін тыңдамай, баланы емізуді қашан тоқтататыныңызды шешіңіз. Себебі әр баланың ересектер мәзіріне толлықанды көшуі әр түрлі.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді