Емдеуге жатқызу бюросының порталы
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Емдеуге жатқызу бюросының порталын енгізу туралы» 2010 жылғы 13 мамырдағы № 336 бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында Емдеуге жатқызу бюросының порталы енгізілген.
Жоспарлы емдеуге жатқызу – шұғыл емдеуді қажет етпейтін пациенттің жай-күйі барысында, амбулаториялық-емханалық қызмет дәрігерінің жолдамасы бойынша пациентті емдеуге жатқызу.
Шұғыл емдеуге жатқызу – бұл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін стационарға шұғыл түрде емдеуге жатқызу. Шұғыл емдеуге жатқызу жазатайым оқиғалар, апаттар және тұрмыс-тық жарақаттар кезінде, жіті инфекциялық аурулар кезінде, ауыр улану кезінде және пациенттің денсаулығына қауіп төнетін басқа кенет (жіті) жағдайларда жүргізіледі. Сонымен Емдеуге жатқызу порталы арқылы жолдаманы тіркеудің қажеті жоқ.
НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты азаматтардың медициналық ұйымдарды еркін таңдау құқығын, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлем шеңберінің қол жетімділігін және ауруханаларға жоспарлы жатқызудың айқындылығын қамту.
Емдеуге жатқызу бюросы порталының негізгі мақсаты портал келіп қараушыларына Республика ауруханаларындағы бос орындардың бар болуы туралы толық, жедел және анық ақпарат беру.
НАУҚАСТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ:
- Республиканың кез келген ауруханасында білікті көмекті алу үшін, әрбір пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауына құқығы бар.
- Әрбір пациентке кезектілігі және бос төсек орындарының мәліметтері туралы порталдағы ақпаратқа еркін кіруге болады.
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТӘРТІБІ:
- Науқас келген кезінде, емхананың емдеуші дәрігері науқасты қарап, ауруды анықтау үшін толық көлемде қажетті зерттеулерді тағайындайды.
- Емдеуші дәрігер аурухананың бөлімше меңгерушісімен бірлесе отырып, науқасты ауруханаға жатқызудың қаншалықты қажет екендігі туралы шешім шығарады.
- Емдеуге жатқызудың қаншалықты қажет екендігі туралы шешімді шығарған жағдайда, дәрігер Сіздің ықыласыңызды және бос төсек орындарының болуын ескере отырып жолдаманы ресімдейді, емдеуге жатқызудың коды мен күнін көрсете отырып Емдеуге жатқызу бюросының порталында науқастың мәліметтерін тіркейді.
- Жолдамада автоматты түрде жоспарлы емдеуге жатқызудың сгенерирленген коды мен алдын ала емдеуге жатқызу күні көрсетіледі.
- Аурухана бос орындарды ескере отырып, емдеуге жатқызу күнін белгілейді.
- Пациент өміріне қауіп төнген жағдайда, клиникаға емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу бюросының порталын өткен соң, шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.
- Пациент клиникаға белгіленген күні келуге міндетті.
- Пациент келмеген жағдайда, өтінім күші жойылады.
- Мамандандырылған медициналық көмекті (ММК) алу үшін, пациентті клиникаларға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасының кестесі.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алу үшін (ЖММК), пациентті ҒЗИ, ҰО және басқа да Қазақстанның Республикалық клиникаларына жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу кестесі.
КЕЗЕКТІ ҚАДАҒАЛАУ:
Браузердің атаулы жолында bg.eisz.kz теріп, Enter басу, осыдан кейін төменде көрсетілген суреттегідей портал ашылады. Кіру үшін сопақша болып бөлінген түймені басу қажет.
Қуаттау терезесінде Сізге Қонақ ретінде кіру түймесін басып, нұсқауға сәйкес әрекет жасау қажет.
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК жоспарлы емдеуге жатқызуға қатысты барлық сұрақтарды төменде көрсетілген телефондар бойынша қоңырау шалып қоюларыңызға болады: +7 (7172) 51 57 02, + 7 (7172) 27 20 15.