Сәлеметсіз бе, Динара!
Сізге омыртқаның ЭМРТ немесе КТ нәтижелерімен консультацияға келу керек. Осыдан кейін операция жасау мәселесі шешілетін болады.
Сәлеметсіз бе, Айнура!
Біздің клиникамыздың (Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК) жағдайларында Сіздің анаңызға стационарлық тексеру мен емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін, Сізге күн сайын жоспарлы-консультациялық бөлімшеде сағат 14:00-ден бастап сағат 16:00-ге дейін жүргізілетін, дәрігер-ангиохирургтың (қан-тамырлар хирургы) көзбе-көз консультациясына келу керек. Қажет болған жағдайда, Сізге ақылы негізде орындалатын жұмсақ тіндерді ультрадыбыстық зерттеу, ультрадыбыстық допплерография, компьютерлік томография сияқты зерттеулердің аспаптық әдістерін жүргізуіне жолдама берілетін болады.
Сәлеметсіз бе, Амир!
Біздің ауруханада емдеудің осы түрі орындалады. Сізге емді ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде алуға болады. Ол үшін Сізге тұратын жер бойынша емханаға бару қажет, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз стационарлық ем үшін медициналық көрсеткіштерді есепке алып, емдеуге жатқызу бюросының порталында төсек бейінін, алдын ала емдеуге жатқызу күнін көрсетіп Сізді тіркейді. Біздің ауруханамыздың мамандары жоспарланатын емдеуге жатқызу күндерін жазады. Кейін емдеуші дәрігермен жоспарлы емдеуге жатқызуына жолдама мен талон беріледі.
Сәлеметсіз бе, Маржан!
Осы жағдайда сіздің көмейіңізді біздің клиникамыздың жағдайларында қарау қажет. Қажет болса операциялық әрекет пен демдік функцияны қалпына келтіруін жүргіземіз. Күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 16.00-ге дейін оториноларингология орталығында қабылдаймыз.