«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
№193-IV Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес
92-бап. Пациенттердің міндеттері:
1. өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
2. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
3. өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға;
4. медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
5. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
6. медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
7. диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
8. басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;
10. медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті;
11. Қазақстан Республикасының аумағында тұраны шетел азаматтары жәнеазаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары секілді денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді жүктейді.