3 және 9 қазан аралығында Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының медицина қызметкерлері №74 «Дәурен», № 79 «Шабыт», № 83 «Жансая», № 81 «Әсемгул», №93 «Айголек» балабақшалары мен "ARMADA-SV", «Астана-Мегаполис», «FREE FLIGT» ЖШС қызметкерлері арасында МӘМС-ды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.
Баяндамашы бас дәрігердің медициналық қызметтер сапасын бақылау және инновация қызметі жөніндегі орынбасары Бахытжан Юсупалиевич Абдуллаев болды.
Балабақша және ЖШС қызметкерлерінің МӘМС-ды енгізудің негізгі мәселелері бойынша тегін ақпарат алуға және оларды қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндіктері болды.
Бұдан басқа, арнайы құрастырылған кітапшалар мен бүктемелер таратылған!