Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Бағдарлама мақсаты: медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері, пациенттердің қажеттіліктеріне сай келетін, кешенді тәсілдерде негізделген, олардың деңгейлерін есепке ала отырып реабилитациялық жәрдем көрсету қағидалары бойынша мамандарды (менеджерлерді) оқыту, медициналық реабилитология саласындағы мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламалары мен траекторияларын зерделеу. Спикер болып Профессор Савицкас Раймондас (Латвия) сөз сөйледі.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы: Бағдарлама Литваның үлгісінде реабилитациялық жәрдемнің моделін зерделеуге және білім беру траекторияларының барлық деңгейін, медициналық оңалту саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді салыстыруын, реабилитациялық жәрдем көрсету стандарттары мен құрылымды, техникалық жабдықтауды, штатты, функционалды, мультидисциплинарлы команданың жұмыс істеуін, реабилитациялық диагностика мен процессті есепке ала отырып Қазақстан Республикасы үшін бейімделген модельді әзірлеуге есептелген.    

Құзыреттер: 

Медициналық оңалту саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, медициналық оңалту бойынша диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының жаңа дағдылары мен білімдерін алу, медициналық реабилитология саласындағы мамандарды даярлаудың кезеңдері мен деңгейлерін зерделеу.           

Аналитикалық дағдылар: ҚР стандарттарына бейімделу механизмдерін салыстыру және моделдеу. 

Қарым-қатынастық дағдылар: Литовск университеттерінің оңалту саласындағы сарапшылар тобымен тиімді өзара әрекеттестікке қабілеттілік.   

Біліктілікті арттыру бағдарламасы аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тобы ҚР үшін реабилитациялық жәрдемнің ұйымдық құрылымының моделін жетілдіреді және төмендегі компоненттер кіретін, елдің барлық өңірлерінің үздік тәжірибесі бар орталықтар үшін сарапшылар тобы ретінде сөз сөйлейді:      

- мультидисциплинарлық тәсілдемеге негізделген, реабилитациялық жәрдем көрсетудің негізгі қағидалары;  

 - физикалық медицина мен оңалту қызметін ұйымдастыруда ең жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген тәсілдер; 

- реабилитациялық жәрдемді көрсететін медициналық ұйымдар үшін материалдық-техникалық және адами ресурстардың қажетті минимумын есептеу, медициналық оңалту индикаторларын әзірлеу және енгізу;  

- медициналық оңалту саласындағы барлық деңгейлердің мамандарын даярлау құрылымын түсіну.   

Оқыту нәтижелері бойынша сарапшылар тобы ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінде Оңалту қызметінің жобасын таныстырады. Оқудың қорытындысында сертификаттар тапсырылатын болады.  

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді