Алғашқы рет Қазақстанда Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасында «Самай сүйек пирамидасы мен көпірмишық бұрышынан гломус ісігін алып тастаумен, тотальді петрозэктомия» (операция ұзақтығы 14 сағатты құрған) операциясын жасаған. Операцияны Еуропалық бассүйек түбі хирургиясы коғамының төрағасы, клиника директоры мен Варшава медицина университеті Лор кафедрасының меңгерушісі Немчик Казимеждің қатысуымен №1 қалалық аурухананың оториноларингология орталығының жетекшісі Гульмира Амантаевна Мухамадиевнамен бірлесіп жасады.
Шеберлік сағаты шеңберінде: Бассүйек түбінің хирургиясы. Ісікті толық алып тастау, ansa cervicalis тармағымен бет нервісін реконструкциялау жасалған. Сондай-ақ самай сүйек пирамидасы мен көпірмишық бұрышының ісіктерімен, микротиямен сыртқы есту жолының отоакустикалық Невриномасымен, атрезиясымен пациенттерге консультация берілді.
Шеберлік сағатқа АМУ оториноларингология кафедрасының резиденттері, басқа өңірлерден келген курсанттар – лор дәрігерлері, Орталықтың және басқа да бөлімшелердің ординатор дәрігерлері қатысқан.