Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында 2019 жылдың 11-15 қараша айы аралығында «Физикалық медицина мен оңалту қызметін ұйымдастыру» тақырыбына арналған шеберлік сағаты өтеді. Спикерлер: «Santaros» орталығының аға реабилитолог дәрігері Dr. Daiva Satkute және «Santaros» орталығының аға кинезитерапевті Dr. Alma Cirtautas (Литва)
Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық аурухана базасында «Астана Медицина университеті» КеАҚ-мен бірлесе Литвадан келген (Вильнюсск университеті медицина факультеті) жетекші мамандарды тартуымен невролог дәрігерлеріне, медициналық реабилитологтарға арналған 2019 жылдың 12-15 қарашасы аралығында «Физикалық медицина мен оңалту қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізеді.
Шеберлік сағаты бағдарламасында медициналық оңалтудағы заманауи кинезотерапиялық әдіс бойынша (PNF әдісі, Бобат әдісі, қимылдарды басқару/үйрету бағдарламасының әдісі, индукцияланған шектеудің әдісі, Войта және т.б.) тәжірибе сабақтары өткізілетін болады.
Осы шеберлік сағаты «Денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.