2019 жылдың 21 қарашасында сағат 14:00-де Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында «Диабет бақылауда» ұлттық бағдарлама шеңберінде семинар өткен. Спикерлер: профессор, м.ғ.д., ҚР Тамақтану академиясы институтының директоры Ерболат Дербисалиевич Даленов және #Bon! компаниясының серіктесі Екатерина Юрьевна Плаксина
Қаралған тақырыптар:
1. Қант диабеті және ілеспелі аурулар кезінде тамақтану және профилактикалық медицинаның мәселелері.
2. Қант диабеті кезінде ұсынылатын пайдалы азық-түліктер.
Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орайластырылған «Диабет бақылауда» ұлттық бағдарлама шеңберіндегі семинар профессор, м.ғ.д., ҚР Тамақтану академиясы институтының директоры Е.Д. Даленовтың және #Bon! компаниясының серіктесі Е.Ю. Плаксинаның қатысуымен өткізілген.
Негізгі мақсаты диабеттен және оның асқынуларынан туындаған мәселе өзектілігіне жұртшылықтың назарын аудару, халықтың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті арттыру, қант диабетін уақтылы анықтау; қант диабетін алдын алуына бағытталған мәселелерді шешуіне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.
II типті диабеттің даму қауіпін кенет арттыратын негізгі факторлар: дұрыс тамақтанбау және төмен физикалық белсенділік болып келеді. Сондықтан, осы аурудың дамуының мерзімін ұзарту немесе алдын алу үшін дұрыс тамақтану, өз салмағын қадағалау, спортпен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану керек.
Семинар қатысушыларымен пайдалы азық-түліктердің дәмін тату жүргізілген: ашытқысыз нан, қантсыз пірәндіктер, термиялық өңдеуге түспеген дайындауға арналған әртүрлі ботқалар, дән өскіндері, микрожасыл шөп, бидайдың жасыл өсінділерінің шырыны.