Астана қ. әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында (Қошқарбаев даңғ. 66) коронавирустық инфекция бойынша семинар-сабағы өтті. Спикер «АМУ» КеАҚ инфекциялық аурулар кафедрасының аға оқытушысы Байгулова Гульдана Билаловна.
2020 жылдың 31 қаңтарында 08:00-ден 10:00-ге дейін Астана қ. әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында коронавирустық инфекция бойынша семинар-сабағы өтті. Спикер «АМУ» КеАҚ инфекциялық аурулар кафедрасының аға оқытушысы Байгулова Гульдана Билаловна.
Коронавирустар – бұл жануарлардың арасында да, адамдардың арасында да тарайтын вирустың улкен түрі. 2019 жылдың жаңа коронавирусы – бұл алғаш Қытай, Ухан аймағында табылған респераторлық аурулардың өршуіне себеп болып табылатын вирус.
2019 жолдары - nCoV:
-Берілудің аэрозолды механизмі;
-Байланыс механизмі (аурухана қызметкерлерінің ауырған жағдайын тіркеу фактісі);
- фекалды-оралдық механизм арқылы таралу жоққа шығарылмайды.
Аурудың берілуіне жұқтырған адаммен тығыз және ұзақ байланыста болу жеткілікті, мысалы қол алысып амандасу немесе адам түшкірген кезде. Жұқтырғандардың басым көпшілігі ауруханада пайда болған, өйткені жұқтырушымен оның достары, таныстары, туыстары, дәрігерлер және бөтен адамдар бірге болған.
Вирустың өзі адам организмінен алшақта ұзақ бола алмайды және көп болса бірнеше күннен кейін өледі. Ол тіпті қарапайым зарарсыздандарғаш заттармен де жойылады.
Ғалымдардың пікірі бойынша, өлімге апаратын вирус тасымалдаушысы жабайы табиғатта жарқанаттарды жиі аулайтын таспалы крайт және жылан-кобрасы болып табылады. Бұл жыландар Ухан базарында сатылған.
Инкубациялық кезең - 2-14 күн.
Аурудың симптомы және белгілері:
- аурудың жіті басталуы;
- дене қызуының көтерілуі;
- жалпы әлсіздік;
- бұлшықеттің және сүйектің сырқырауы;
- бас ауруы;
- мұрынның толуы және тұмау;
- жұтыну кезінде тамақтың ауруы;
- түшкіру;
- жөтел;
- 28% - демігу, ауыр тыныс алу – кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де пневманиялық инфильтративтік инвазивті шама көрінеді.
- барлық жастағы тұлғалар ауырады (ересектер>балалар, көбінесе 15 жастан асқандар);
- пациенттердің 10-20% -ы ЖП және ӨЖЖ қажет етеді.
Қол және тыныс алу жолдарының гигиенасы шаралары:
1. nCoV инфекциясына күдіктенген жағдайда медициналық маска қолдану;
2. Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды бірреттік қағаз майлықпен немесе шынтақпен бүгіп жабыңыз;
3. Жөтеліп, түшкіргеннен кейін, әр дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішкенше қолды жақсылап сабынмен жуу керек.