Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында (Қошқарбаев даңғ.66) 8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2020 жылдың 5 наурызында, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында салтанатты іс-шара өтті. 

Халықаралық әйелдер күні — елдер қатарында «Әйелдер күні» деп жыл сайын 8 наурызда аталып өтетін мереке. Тарихи тұрғыдан алғанда әйелдердің ынтымақтастық, көптеген елдерде тең құқыққа және азат етушілікке қарсы күрес күні ретінде пайда болған. 1975 жылдың наурызынан бастап Халықаралық әйелдер күні БҰҰ-да аталып өтеді. 

Салтанатты іс-шараны «8 марта» Игорь Сарухановтың әнімен біздің қымбатты ер адамдарымыз Куспанов Марат Амангельдинович (операциялық блоктың меңгерушісі), Рахимов Бахтияр Ерикович (интервенциялық ренгенхирургияның меңгерушісі), Абдуллинов Азамат Сансызбаевич (қан-тамырлы хирургияның дәрігері) ашты және сұлу әйелдер қауымына көптеген жылы құттықтау лебіздерін арнады. Негізгі бағдарлама «А ну-ка, все вместе!» вокалдық шоудан тұрды,онда 8 қатысушы өнерін тамашалады.    Қазылар алқасына:

1. Әнші, музыкант, шоумен, Халықаралық конкурстардың иегері, Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерлан Кокеев.

2. Продюсер Ли Ольга.

3. Әнші Ернар Садирбаев (Амре).

4. Әнші Айна Калмаганбетова.

5. Әнші Адам

6. Мейрамхана бизнесіндегі сарапшы Жусупов Руслан.

7. Астана қаласының «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК кәсіподақ комитетінің төрайымы Кабдуалиева Салтанат Кыдырбековна.

8. «Ұлттық шұғыл медицинаның үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК кәсіподақ комитетінің төрайымы Абдрахманова Венера Талгатовна. 

«А ну-ка, все вместе!»: вокалдық шоуда 4 орынға номинация берілген 

Бас жүлде -  Калиева Гулдирай Кадирбаевна, сәулелік және функционалдық  диагностика бөлімшесі. 

1 орын – Коканова Алмагуль Сабитовна, сәулелік және функционалдық  диагностика бөлімшесі.

2 орын - Дуэт Миясар Айбар Әміржанұлы және Түгелбай Қымбат Мұратқызы, политравма және эндопротездеу бөлімшесі. 

«Көрермендер көзайымы» жүлдесі – Ажмаганбетова Кулкеш Шайкеновна, клиникалық-диагностикалық зерртхана.

Қазылар алқасынан жүлде – Голубкова Наталья Валерьевна шұғыл хирургия.

Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен Discovery Borovoе және Денсаулык шипажайына жолдама берілген. 

№1 КҚА әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің атынан Клиникалық және Акушерлік блоктың жақсы қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар (29 қызметкер) және әр бөлімшеге тұрмыстық техника  (термопот, қысқа толқынды пеш, ыдыс, шәйнектер және т.б) берілген. 

Ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлеріне сыйлық берілген: 

1.Риб Елена Александровна көмекші. 

2.Ешимханова Райхан Муталяповна көмекші.

3.Бекенова Фарида Кабешевна профессор.

4.Базарова Анна Викентьевна терапия кафедрасының доценті.

Қорытынды құттықтау сөдерін Астана қаласының Орталық кәсіподақ комитетінің бас маманы  Сапакбаев Асылхан Арипович айтты.

Вокалдық шоу мерекенің ұмытылмас әсерін қалдырды!

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді