Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Ұлы Отан Соғысының Жеңісі — Қазақстанда 9 мамыр күні ата өтіледі.
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс – халықтың ерлік ісі. Біз Жеңіс күнін еліміздің басты мейрамы ретінде атап өтеміз. Майданда қаза тапқандарды еске алу мәңгі есте сақталады! Жеңіске жеткендерге құрмет білдіреміз!
9 мамыр күні №1 көпбейінді қалалық аурухана әкімшілігінің және кәсіподақ комитетінің атынан Астана қаласының Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін барып құттықтадық: Валентина Николаевна Бородииді және Екатерина Николаевна Подкорытованы.
2020 жылдың 25 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «№1көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған, №1 көпбейінді қалалық аурухана қызметкерлері арасындағы челендж-марафонға белсенді қатысқаны және шығармашылық қабілеттері үшін қатысушылар марапатталған болды. Қызығушылық танытқан қызметкерлер ән немесе өлеңнің орындалуымен бейне жіберді, көрсеткен өнерлері Instagram парақшасында жарияланды және жеңімпаздар ♥ (лайктарды) есептеу бойынша бағаланды.
Бас жүлделер 3 орын бойынша бағаланды:
1-ші орын – 1632 ♥ Нурболат Нагашбекұлы Туймебай Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия және ГБО бөлімшесінің мейіргері (30.000 теңге);
2-ші орын - 1593 ♥ Жалгас Аббасович Игембай Операциялық блоктың мейіргері және Олжас Бахытжанович Елубай тазалық сақтаушы (20.000 теңге);
3-ші орын – 1235 ♥ Самира Сафаралиқызы Сафарова Сәулелік және функционалдық диагностика бөлімшесінің мейіргері (10.000 теңге).
Қалған 20 қызметкерлерге челендж-марафонға қатысқаны үшін естелік сыйлықтар берілген.