????Егер сіз толық иммундаудан Спутник V вакцинасымен өтсеңіз, ревакцинация үшін Спутник Лайт, QazVac, Sinopharm Vero cell, Спутник V-дің бірінші компонентін және Pfizer (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері үшін) қабылдай аласыз.
❗️Егер де бірінші кезеңде QazVaс вакцинасын алсаңыз, қайталама вакцина үшін сізге QazVac, Спутник Лайт, Sinopl Vero cell және Pfizer (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері үшін) қолжетімді.
❗️Егер бірінші ретте Sinopharm Vero cell, Hayat Vac қытайлық препараттарын таңдасаңыз, ревакцинацияға QazVac, Спутник Лайт, және Pfizer (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері үшін) екпе ретінде алуға болады.
❗️Егер де Рfizer-ді бірінші вакцина ретінде қабылдасаңыз, қытайлық Sinopharm Vero cell, Hayat-Vac, Спутник V-дің бірінші компоненті мен Pfizer (тек жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері үшін) ревакцинация үшін қолжетімді.