11 қазанда оториноларингологтардың үшінші жыл сайынғы съезі аясында Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» қабырғасында поляк профессоры Казимерц Немчиктің қатысуымен бірегей оталар жасалды.
Оториноларингология орталығының меңгерушісі Гүлмира Амантайқызы Мухамадиева бастауымен, медицина ғылымдарының докторы, "Астана медицина университеті" КЕАҚ ЛОР-аурулар кафедрасының профессорымен бірлесе отырып бірінші қалалық аурухананың жетекші хирургтар тобы үш бірегей ота жасады. Дәрігерлер 4-дәрежелі сенсорлық есту қабілетінің жоғалуын, самай сүйегі параганглиомасын және 4 -дәрежелі аралас есту қабілетінің жоғалуын емдеді. Оталар профессор Казимерц Немчиктің (медицина ғылымдарының докторы, Варшава университетінің (Польша) оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, еуропалық бас сүйек негізі хирургиясы қоғамының бұрынғы президенті) жетекшілігімен жүргізілді.
Съезд жұмысы барысында 12 қазанда №1КҚА Оториноларингология орталығының базасында тағы төрт ота жасау жоспарлануда.
Анықтама: 2023 жылдың 13-14 қазан аралығында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы оториноларингологтарының үшінші, жыл сайынғы съезі өтеді. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қабырғасында әріптестерімен тәжірибе алмасуға, кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, өз білімдері мен әзірлемелерімен бөлісуге бірегей мүмкіндік беретін бірден бірнеше пленарлық және секциялық отырыстар алаңдары іске қосылатын болады.
11 октября в рамках третьего ежегодного Съезда оториноларингологов в стенах “Многопрофильной городской больницы №1” акимата г. Астаны проведены уникальные операции с участием польского профессора Казимежа Немчик.