2023 жылғы 27 қазанда гибридті офлайн-онлайн форматта «Заманауи колопроктология: жаңа тәсілдер мен трендтер» халықаралық конференциясы өтеді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Ангиохирургия және пластикалық хирургия курстары бар Хирургиялық аурулар кафедрасы және Астана қаласы әкімдігінің «Nº1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК.
Конференцияда сіз колоректальды хирургиядағы соңғы жетістіктермен, сондай-ақ проктология мен ІҚА диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерімен таныса аласыз. Конференция жұмысына колопроктология саласындағы республиканың және жақын шетелдің жетекші мамандары қатысады.
Конференция бағдарламасы колопроктологияның келесі бағыттарын қамтиды:
- амбулаториялық жағдайда созылмалы геморройдың кеш сатыларын хирургиялық емдеу;
- колоректальды хирургияның ісік емес ауруларын емдеудегі лапароскопиялық технологиялар;
- ІҚА диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістері;
- және тағы басқалар.
Хирургтар, колопроктологтар, гастроэнтерологтар, резиденттер, сондай-ақ медициналық білім беру мекемелерінің студенттері конференцияға қатысуға шақырылады.
Конференция күні: 2023 жылғы 27 қазан.
Өткізу уақыты: 11: 00.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, 66, Астана қаласы әкімдігінің «Nº1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК мәжіліс-залы.
Конференцияға сілтеме: https://amu4.webex.com/amu4-ru/j.php?MTID=m75cc4e110f7b2a47131be5ee64ef266a