Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Жыл сайын бүкіл әлемде 29 қазанда инсультпен күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жылына жеті миллионға жуық инсульт болады. Қазақстанда инсульт жиілігі жылына 1000 адамға шаққанда 2,5-3,7 жағдайды құрайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, ми қан айналымы жіті бұзылған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін инсульттан кейін дене функцияларын барынша қалпына келтіру және қайталанған жағдайлардың алдын алу мақсатында Республикада инсульт орталықтары құрылды. 

Астана қаласы әкімдігінің "Nº 1 көпбейінді  қалалық аурухана" ШЖҚ МКК-ның инсульт орталығы 2012 жылдың 1-ші наурызында құрылды. Бөлімшеде  жыл сайын 1000-нан астам емделуші емделеді. Бөлім үш негізгі патологияға маманданған: ишемиялық және геморрагиялық инсульт, өтпелі-ишемиялық шабуылдар. 

№1 КҚА инсульт орталығының базасында:

  • инсультпен ауыратын науқастарды базистік терапиямен және ерте нейрореабилитациялау, спецификалық терапиямен (жүйелі, селективті, механикалық, аралас тромболиз) емдеу;
  • ишемиялық инсультпен ауыратын науқастарды "терапевтік терезе" кезеңінде симптомдар басталғаннан бастап 4,5 сағаттан 6 сағатқа дейін қабылдау. Селективті тромболиз, механикалық тромбоэкстракция (12 сағатқа дейінгі кезең);
  • қайталама профилактика: апта сайынғы "инсульт мектебін" өткізу;
  • аневризмаларды, тамырлы ақауларды хирургиялық емдеу, мойын тамырларына ота жасау жүргізіледі.

2022 жылдың маусымынан бастап жаңа ангиографты орнатқаннан кейін бірінші қалалық аурухана диагностикалық ангиография, тромбоэкстракция, селективті тромболиз, аневризма эмболизациясы, артериовеноздық ақаулар және ми тамырларын стенттеу жүргізілетін инсультпен ауыратын емделушілерге нейрохирургиялық манипуляциялар жасау санын көбейтті.

Инсульт-бұл акүрделі дерт, оны уақтылы және дәл анықтау пациенттің одан әрі әл-ауқаты үшін өте маңызды болып табылады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді