Қалай қатысуға болады?
- 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру
- Жеке кабинетте профильді толтыру
- Келесідей қажетті құжаттарды жүктеу:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шетелдік ұйымдарда алынған құжаттарды тану туралы куәліктердің көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- соңғы жұмыс орны бойынша кандидаттың толтырылған қызметтік тізімі.
2024 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығындағы кезеңде іріктеу кезеңдерінен өту