Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 8 ақпан күні «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінде бетперде кию режимі енгізіледі.
Аурудың алдын алу және медициналық ұйымдарға барған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде бетперде кию қажет.
Айта кету керек, маска кию халыққа ЖРВИ, тұмау және қызылша ауруының басталуынан бастап ұсынылған болатын.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға, қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде қолдануға шақырады.