Халықтың кең тобын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілігін арттыру және еңбекшілер арасында сырқаттанушылықты азайту мақсатында, «AQNIET» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп 2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласының Денсаулық сақтау ұйымдары арасында шаңғы жарысын өткізді. Сондай-ақ, осы күні мерекелік бағдарламамен Спартакиада-2024 салтанатты ашылуы өтті.
Бірінші қалалық аурухана атынан шаңғы жарысына №1 КҚА жүргізушісі Жасулан Мусин және токсикология бөлімшесінің дәрігері Шолпан Умбеталиева қатысты.