Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасында 2019 жылдан бастап МӘМС жүйесі шеңберінде сирек кездесетін Меньер ауруын емдеу бойынша 30-дан астам бірегей ота сәтті жүргізілді. 

Меньер ауруы - бұл бірнеше сағат ішінде кенеттен бас айналу, жүрек айну, құсу және есту қабілетінің жоғалуымен көрінетін сирек кездесетін, диагноз қойғанда ауырға түсетін ішкі құлақ ауруы. Меньер ауруының белгілері адамның өмірін іс жүзінде төзгісіз етіп қатты әлсіретуі мүмкін, эпизодтық жағдайлардан тұрақты жағдайларға ауысып.            

Ауру лабиринт гидропсымен (ішкі құлақтың) - эндолимфа сұйықтығының ұлғаюымен сипатталады, бұл ішкі қысымның жоғарылауына байланысты белгілерді тудырады. Аурудың этиологиясы нақты белгісіз, медициналық қауымдастық Меньер ауруының пайда болу себебі бойынша бірнеше теорияларға бөлінген.  

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында ауруды тек амбулаториялық жағдайда емдеді. Бірінші ота 2019 жылдың тамызында №1 қалалық аурухана қабырғасында жасалды. Осы диагнозы бар алғашқы ота жасалған емделуші көптеген жылдар бойы аурудың белгілерінен зардап шекті, уақыт өте келе тұрақты, созылмалы түрге ие болған ұстаманы төмендету үмітімен неврологиялық, оториноларингологиялық амбулаториялық емге жүгінген.

Адиль Мустафин, АМУ ЛОР аурулары кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты: «Ота жасалғаннан кейін үш сағаттан соң біз емделушіге жақындағанда, ол бірінші кезекте бас айналудың айтарлықтай төмендеуін сезінді. Келесі күні ол өздігінен тұрып, ал екі тәулік өткен соң палатада жүре алды. Біздің заманымызда ол өмір сапасын қалпына келтірген белсенді адам. Отаға дейін емделуші үнемі бас айналуы салдарынан өздігінен қозғала алмайтынын ескеретін болсақ, бұл керемет нәтиже».

2024 жылғы 12 ақпанда Меньер ауруына қатысты тағы бір ота жасалды. Қазақстанда Меруертке бірнеше жыл бұрын ауру диагнозы қойылып, ұзақ мерзімді оң нәтижеге әкелмеген консервативті ем алып жүрген. «Біз емдеуді консервативті әдістерден бастаймыз, отаға бірден жүгінбейміз, өйткені бұл өте күрделі, жоғары қауіпті ота» – дейді дәрігер.

Меруерт, емделуші: «Шамамен жеті жыл бойы мені құлақтың шуылы, жүру кезінде құлау, жүрек айну және құсу мазалады. Аурудың нәтижесінде менде есту қабілетінің төмендеуі байқалды, екінші дәрежелі есту мүкістігі дамыды. Мені емханадан «Емдеуге жатқызу  бюросы» порталы арқылы ауруханаға жіберді. Отадан кейін мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, айқындық пайда болды».

Ота МӘМС шеңберінде «№1 КҚА» ЛОР орталығының дәрігер-ординаторы Дина Абильтаевамен бірлесіп ішкі құлақтағы қысымды төмендету мақсатында дренажды орната отырып, эндолимфа қапшығын ашу және дренаждау жүргізілді. Келесі күні емделуші анағұрлым жақсарды.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді