Плазмаферез - аллергияны емдеудің тиімді әдісі және оны ұзақ айға ұмытуға көмектеседі!
Плазмаферез - бұл аппараттық, мүлдем ауырсындырмайтын, қанды тазарту әдісі, оның барысында плазманың бір бөлігі ағзадан алынады. Дәл плазма құрамында аллергиялық қабынудың дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттардың (факторлардың) негізгі мөлшері бар. Алынған плазма тиісті алмастырғыш ерітінділермен толықтырылады.
Емшара тәжірибелі трансфузиолог дәрігерінің тұрақты бақылауымен жайлы жағдайларда жүргізіледі. Плазмаферез дәрі тамызғышын қойғанға ұқсайды және қанның аппарат сүзгісі арқылы өтуінен, содан кейін емделушінің ағзасына қайтып келуінен тұрады. Аллергияны плазмаферезбен емдеу үшін 3-тен 5-ке дейін емшара жүргізіледі. Аллергияны емдеуде плазмаферез курсын өткізгеннен кейін оң нәтиже 3 айдан 6 айға дейін созылады.
Емшара кезінде жеке сүзгі және аппараттық плазмаферезге арналған бір реттік жиынтық қолданылады, бұл жұқтыру ықтималдығын болдырмайды.
Емшара құны: 36 800 теңге
Мекенжайы: Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғ. 66