2024 жылдың 11 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «№1 Көпбейінді қалалық ауруханасы» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Аурухананың барлық бөлімшелері жұмылдырылды.
Негізгі мақсаттар болды:
- аурухана қызметкерлерінің төтенше жағдайда әрекет етуге дайындығын тексеру;
- ескерту жүйелерін тексеру;
- аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесу тәртібін әзірлеу;
Оқу-жаттығу барысында аурухана қызметкерлері үйлесімді және тиімді жұмыс жасады. Шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, жаттығудың мақсаты орындалды.