Бүгін 2013 жылдың 13 желтоқсанында «Нефрология және гепатология саласындағы өзекті мәселелер: бауыр мен бүйректің шеткі сатысындағы аурулармен пациенттердің жүргізу әрекеті және туыстық трансплантация» тақырыбына гастроэнтерологтарға, гепатологтарға, нефрологтарға, хирургтар мен трансплантологтарға арналған үш күндік мастер-класс аяқталған. Мастер-класс шеңберінде Н.В. Склифосовский атындағы ЖЖ ҒЗИ мамандарының басшылық етуімен, бауыр мен бүйректі трансплантациялау бойынша операциялар жүргізілген.
Қазақстан Республикасында 7 мыңға жуық адам осы немесе басқа ағзаларды алмастыруды қажетсінеді. Ағымдағы жылдың басынан бастап елімізде тірі донордан бүйректі алмастыру бойынша 55 операция жасалған болды. Бүгін Қазақстанда ағзаларды трансплантациялаумен 8 клиника айналысады.
№1 қалалық аурухана ҚР трансплантологияны дамытатын, Астанадағы қалалық деңгейдегі алғашқы аурухана болып табылады. Бұл туыстық трансплантация бойынша аурухананың екінші тәжірибесі. Алғашқы рет бауырды трансплантациялау бойынша операция 2012 жылғы ақпан айында жасалған. Қазір пациент пен реципиент өзін өте жақсы сезінеді және толық құнды өмірді жалғастыруда.
Осы жолы туыстық трансплантация бойынша төрт операция жасалған: бір операция бауырды трансплантациялау бойынша және үш операция бүйректі трансплантациялау бойынша. Олардың ішінен бір бүйректі трансплантациялау бойынша операция өздігінен, аурухана ұжымымен жасалған.