Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында жаңа пульмонология бөлімшесінің есігі ашылатын болады
Пульмонология – бұл өкпе мен бронх ауруларымен айналысатын медицина саласы. Тыныс алу ағзаларының аурулары қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың маңызды проблемасы болып табылады. Жедел қарқынмен өтетін қоғамды индустрияландыру, қоршаған орта экологиясының өзгеруі респираторлық патологиялардың бірталай өсуіне әкеледі. Осыған орай Астанада қосымша пульмонология бөлімшесін ашу қажеттілігі туындады.
Бөлімше 15 төсек-орынға арналған және өкпе ауруларын диагностикалау мен емдеуде маманданады: түрлі табиғаттағы пневмониялар, ӨСОА (өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы), бронх демікпесі, интерстициалды аурулар, өкпенің сирек кездесетін аурулары. Сондай-ақ бөлімше жұмысының басты бағыттарының бірі ұйқы кезінде тыныстық функцияларының түрлі бұзылыстарын емдеу болып табылады (обструкциялы апноэ, ұйқы гипопноэсы және басқалар).
Бөлімше қызметтерді шұғыл және жоспарлы тәртіпте ТМККК шеңберінде және ақылы негізде көрсетеді. Әр жұма ресми ургент күні болып есептеледі.