2014 жылғы 14 наурызда Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан және Белорусь елдер экономикасының көшбасшы кәсіпорындардың XIV халықаралық экономикалық форумы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК «Сала көшбасшысы - 2014» ұлттық сертификатымен және «Қазақстан жасасын!» орденімен марапатталды.
Қазақстанның шаруашылық қызмет субъектілерінің толық тізімін статистикалық саралау нәтижесінде, осы марапаттар ресми статистиканың деректеріне сәйкес, кәсіпорын «Сала көшбасшысы - 2014» құрметті атаққа лайық болып табылғанын және «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» номинациясындағы «алтын рейтингке» кіргенін растайды. Сондай-ақ №1 қалалық аурухананың ең жақсы қызметкерлері «Жыл маманы» ресми ұлттық сертификатымен және еңбек қызметіндегі «Тиімділік үшін» төске тағатын медальмен марапатталған болды.