Жалпы ауруханалық медбике конференциясы: «Ауруханалық жұқпаның алдын алу. Қолды тазарту техникасы»
2014 жылдың 17 наурыздына сағат 14.00-де Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында бас медбике Маржан Мухамедияқызы Тұңғышбаеваның басшылық етуімен «Ауруханалық жұқпаны алдын алу. Қолды тазарту техникасы» тақырыбына конференция болып өтті.
Ауруханалық жұқпалардың алдын алу қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, себебі жұқтыру қауіп-қатерінде емделушілер де, медицина қызметкерлері де тұр. Емдеу - алдын алу мекемесінде ауруханалық жұқпаның (АЖ) пайда болуының алдын алудың ең басты әдістерінің бірі - қолды тазарту техникасын қолдану болып табылады. Дәл соны конференция ұйымдастырушылары естен кетпес әзіл-оспақ, би түрінде қолды тазарту техникасын көрсетіп шыққты, ол аурухана қызметкерлері үшін тиімді көрнекі құрал болды.