2014 жылғы 4 сәуірде №1 қалалық ауруханада алдында Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының құрамында болған политравма және ортохирургия бөлімшесі жұмыс істеуін бастайды.
ДДСҰ статистикасы бойынша ауыр механикалық жарақаттар өлім-жітім себептері арасында ісіктер мен жүрек-қантамырлық ауруларға ғана жол береді, әсіресе 45 жастан кіші тұлғаларда. Жарақаттанушылық – бұл жоғары маңызды әлеуметтік-медициналық проблема.
Политравма және ортопедия бөлімшесі тірек-қимыл аппаратының түрлі ауруларымен емделушілерге жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсетеді. Жиірек осы жарақаттар тұрмыста және өндірісте, КЖО, апаттық жарақаттардын (жоғарыдан құлау), қылмыстық жарақаттардың салдарынан болған.
Бөлімше 20 төсек-орынға арналған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және ақылы негізде шұғыл және жоспарлы тәртіпте қызмет көрсетеді. Бөлімше қызметкерлерін тәжірибелі медицина ғылымдарының дәрігер профессорлары, докторлар мен кадидаттар, жоғары санатты дәрігерлер мен медбикелер штаты құрайды. 70% қызметкерлер құрамы Америка (Сент-Луиз, АҚШ), Еуропа (Германия, Польша), Ресей клиникаларында оқыған. Осының бәрі емделушілерді оңалту үшін заманауи технологияларды пайдалануымен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осында операциядан кейін 2-ші күні емделушінің қимылдық белсенділігін белсенділендіруге мүмкіндік беретін, жоғары технологиялы операциялық әрекеттер жасалады.