Кеше, 5 мамыр күні Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының мәжіліс залында Халықаралық медбике күніне орай салтанатты мереке өтті.
Осы күні «Үздік медбике» кәсіби конкурсы өткізілді. Конкурс алғашқы рет өткізілгендіктен, қатысушылар өз орындауларының дайындығына екі есе жауапкершілікпен қарады. Конкурс үш кезеңнен тұрды: бірінші – сәлем беру және бөлімшені таныстыру, екінші кезең медбике ісінің теориясы сұрақтарынан, сондай-ақ тәжірибелік тапсырмалардан, ал үшінші кезеңде қатысушылардың міндеті өз шығармашылық қабілеттерін көрсету болды. Осы конкурс кезеңі ақ халаттардың астында ашылмаған дарындардың көп екендігін көрсетті. Көрермендер мен қазылар алқасы көптеген жақсы ақылға салынған сценарийлер мен кейіпкерлер бейнесімен ерекшеленгеніне таң қалды.
Сонымен, конкурс жоғары деңгейде өтті, қазылар алқасына осындай лайықты қатысушылар ішінен жеңімпаздарды анықтау оңайға түспеді. Қорыта келгенде бірінші орынды шұғыл хирургия бөлімшесінің медбикесі – Абишева Индира алса, 2-ші орынды – оториноларингология орталығының медбикесі – Жолдасбекова Айнұр, 3-ші орынды – терапия бөлімшесінің медбикесі Искакова Жансая алды.