Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 20 маусымында Астана қаласының «№1 қалалық ауруханасының» конференц-залында Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы, профессор Ш.А. Баймағамбетовтың басшылық етуімен «Тобықбуын сынықтарын емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбына арналған Астана қаласы травматологтарының қоғамының семинары өтті.

Тобықбуын аумағының сынықтары ең жиі кездесетін зақымдарға жатады және қаңқа сүйектерінің барлық зақымдануларының 20-22% құрайды. Осы сынықтар білектің алшақтық шетінің сынықтарынан кем емес, жіліншік сүйектерінің барлық сынықтарының 40-60% құрап, ол қол-аяқ бөліктерінің зақымдары арасында екінші орын алады. Жіліншік сынықтары әсіресе еңбекке жарамды адамдар арасындағы ең жиі жарақат. Жарақаттың жиілігі және осы науқастардың еңбекке ұзақ жарамсыздығы елімізге үлкен экономикалық зиян әкеледі, ол әсіресе қыс мезгіліндегі көшелердің нашар жағдайы, оларды өте нашар жинау, алғашқы жәрдемді дер кезінде және дұрыс көрсетпеу, емдеу ақаулары және басқалар сияқты қолайсыз әлеуметтік жағдайлардан тым күшеюі мүмкін.

Іс-шара шеңберінде травматология саласындағы өзекті мәселелер, травматологиядағы қазіргі заманғы мүмкіндіктер мен жаңалықтар қаралған болды, сондай-ақ баяндамалармен Астананың атақты жетекші травматолог-ортопедтері сөз сөйледі:        

1. м.ғ.д, профессор, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы Ш.А. Баймағамбетов «Тобықбуын жарақаттарының эпидемиологиясы және жіктеу»;

2. м.ғ.к. Н.К. Мурсалов «Тобықбуын зақымдарының клиникасы және диагностикалау»;

3. м.ғ.д., профессор Е.Т. Жүнісов «Тобықбуын жарақаттарының сынықтары кезінде емдеу тәсілі».

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді