Астана қаласы №1 қалалық аурухананың Политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығының дәрігерлері гематологтармен бірлесіп алғашқы рет политравмамен, А гемофилиясымен (VIII қан ұю факторының туа біткен нәруыз жетіспеушілігінен туындайтын генетикалық ауру) азап шегетін пациентке операция жасады.
Гемофилия коагуляцияның бұзылуымен байланысты (қанның ұю процессінің), тұқым қуалаған ауру, осы ауру кезінде өздігінен, сондай-ақ жарақаттың немесе хирургиялық әрекеттің нәтижесінде буынға, бұлшықет пен ішкі ағзаларға қан құйылу пайда болады.
ТМД елдері арасында гемофилиямен ауыратын науқастарға операцияны тек Ресей мен Қазақстанда жасайды. Гемофилиямен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеудің күрделілігі, операция кезінде немесе одан кейінгі жақын 10-12 күндер аралығында қатты қан кетудің үлкен қауіп-қатері бар болуда. Осындай ілеспелі патологиямен операцияны Қазақстанның басқа өңірлерінде жасамайды, сондықтан пациент «Сол жақ тоқпанжіліктің жабық ұсақтанған сынығы. А гемофилиясы, ағымы ауыр, гемофилиялық артропатия» диагнозымен Өскемен қаласынан біздің клиникаға жіберілген болды.
2014 жылдың 02 шілдесінде №1 қалалық аурухананың Политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығының дәрігерлері гематологтармен бірлесіп тиісті операцияға дейінгі дайындықтан кейін «Сол жақ тоқпанжіліктің н/3 сүйек сынықтарының жабық репозициясы, экстрамедуллярлы тежегіш остеосинтез» операциясын ойдағыдай жасады. Клиникалық нәтиже жақсы деп бағаланады. Асқынулар операция уақытында да, одан кейінгі ерте кезеңде де байқалмаған. Пациентті шынтақ буындағы қозғалыстың нәтижелі көлемімен қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарған.