Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылғы 23-25 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК базасында Сеул Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) жетекші мамандарының қатысуымен торакалды хирургия саласында «Көкірек ағзасы хирургиясындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында шеберлік семинары өткізілді.

Шеберлік семинар аясында Оңтүстік Корея мамандары Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық аурухана мамандарымен бірлесе «Гравис миастениясы» диагнозы бар емделушіге «Эндовидеоторакоскопиялық тимэктомия» деген ең ауыр операцияның бірі жасалынды. 

Эндовидеоторакоскопиялық тимэктомия – айыр безін жою мақсатында көкірек қуысын тесу арқылы жасалынатын операция. Бұл операция осы ағзаның ісігі, сонымен қатар миастения сияқты ауру кезінде де жасаынады.

Мұндай хирургиялық жолмен емдеу айыр безін  немесе тимусты жоюға бағытталған, бұл бездің дұрыс жұмыс істемеуі себебінен дененің қанқалық бұлшықетіне зиян келтіріледі. Операция емделуші үшін жарақаты аз және өмірге аса қажетті ағзаларға зиян келтірмей барынша жақын жұмыс жасауға мүмкіндік беретін эндоскопиялық негізде жүзеге асырылды (кішкентай саңылаулар арқылы).

Сонымен қатар, шеберлік семинарында «Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің рагына торакоскопиялық резекция» көрнекі операциясы жасалынды. Барлық операция сәтті аяқталды және емделушілер де өздерін жақсы сезінуде.

Миастения бойынша сәтті жүргізілген операция – дәрігерлердің көптеген емделушілердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін отандық медицинаны дамытудағы тағы да бір саты болып табылады.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді