2014 жылғы 13 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасына Сеул Ұлттық Университеті Госпиталінің (Seoul National University Hospital) жетекші трансплантологы профессор Кванг Вунг Ли іссапармен келді.
Кездесу барысында профессор Кванг Вунг Ли Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасының трансплантология саласындағы айрықша маңызды жетістіктерімен және жобаларымен танысты, сонымен қатар, қызметтестіктің мүмкіндіктері және екі мемлекеттегі соңғы ғылыми жетістіктер туралы тәжірибе алмасу бойынша бірлескен жобалар жайында сөз қозғалды.
Сапар соңында профессор Кванг Вунг Лидің бастамасымен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК және Корей Республикасы, Сеул Ұлттық Университеті Госпиталі арасында медицина ғылымы және медициналық туризм саласында өзара қызметтестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды.
Қызметтестікте сырқат диагностикасы және оны емдеуде жаңа технологияларды пайдалануға, диагностика және медициналық көмекке арналған оқу бағдарламасын жасауға басты назар аударылады. Меморандумның мақсаты екі жақ арасында қажетті медициналық көмекті көрсету және дамыту сұрақтары бойынша өзара қызметтестікті дамыту болып табылады, осы арқылы мемлекеттік денсаулықты сақтауды дамытуға үлес қосылмақ.
Сеул Ұлттық Университетінің Госпиталі электронды медициналық технологиялары бар озық клиникалардың бірі болып табылатындығын ерекше атап өткен жөн.