Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

Астаналық №1 қалалық аурухана қызметкерлері кәсіби шеберліктері арқылы жетекші орынға көтерілуде. Кәсіпқорлығы мен адал еңбектері үшін аурухана қызметкерлері жыл сайын ҚР Премьер-министрінің, Астана қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.

2014 жылғы 11 маусымда медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиында 30 медициналық мекеме өкілдері арасында анестезиология және жан сақтау бөлімшесінің реаниматолог дәрігер Ким Игорь Александрович «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында эфферентті терапия және бағдарламалық гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Аушакимов Канат Сагимбаевич, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Калиев Ерлан Нурмухамедович, тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айтжанов Едиль Бакишевич құрмет грамоталарымен марапатталды.

Орта медициналық қызметкерлер арасындағы «Мамандық бойынша ең үздік» байқауында шұғыл көмек көрсететін хирургия бөлімшесінің ем қабылдау кабинетінің медбикесі Абишева Индира Бейбітжанқызы еш талассыз жеңімпаз атанды.

Сонымен бірге, жыл сайынғы «Астана Таңдауы» жалпы қалалық байқауында екі жыл қатырынан №1 Қалалық аурухана қызметкерлері жеңіп шықты. 2013 жылы «Үздік дәрігер» құрметті атағы анестезиология және жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі Абдуов Марат Карсыбековичқа берілді. Ал 2014 жылы урология бөлімшесінде 17 жылдық еңбек өтілі бар, жоғары санатты уролог дәрігер Чичеров Кирилл Валерьевич 7 мыңнан астам дауыс жинап, «Үздік дәрігер» құрметті атағын иеленді. Ол өз категориясындағы 31 номинант арасында үздік болып шықты. Кирилл Валерьевичтің емделушілері оны Жаратқанның жіберген дәрігері, кең жүректі, адал ниетті және шебер адам деп атайды.

Астаналық №1 қалалық ауруханада өзіне барынша қатал және емделушілеріне сергек қарайтын үздік мамандар мен нағыз дәрігерлер қызмет жасайды.

 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді