2014 жылғы 08-10 тамыз аралығында Астана қаласының №1 қалалық аурухана базасында «Тірі донордан бауыр трансплантациясын жасауда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша шеберлік семинары өтті. Шеберлік семинар аясында Сеул Ұлттық Университеті (Корея Республикасы) Госпиталінің жетекші мамандарымен бірлесе тірі донордан туысқандық бауыр трансплантациясы бойынша екі операция жасалынды.
Тірі донордан бауыр трансплантациясын жасау трансплантологиядағы ең қиын операциялардың бірі болып саналады. Оның жетістіктерінің басты факторы – бірінші кезекте жоғары мамандандырылған трансплантологиялық және реанимациялық-анестезиологиялық бригаданың болуы, заманауи диагностикалық құрылғылармен және клиникалық зертханамен жабдықталған. №1 қалалық аурухана жабдықталу деңгейі және мамандарының біліктілігі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
№1 қалалық аурухана ҚР инновациялық техно-логияларды ендіріп келе жатқан қалалық деңгейдегі ең алғашқы стацонар екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл аурухананың туысқандық трансплантация бойынша бірінші тәжірибесі емес. Бүгін операциядан кейінгі алтыншы күн, емделушілердің жағдайы жақсы. Дәрігерлер терминологиясына сәйкес рецепиенттердің және донорлардың жағдайы жақсы.
Қазақстан Республикасының шекарасынан шықпай, қазақстандық медицинада трансплантацияны қажет ететін бауыр сырқатын емдеу үлкен болашаққа жол ашуда. Ауруханада трансплантология бағдарламасын жүзеге асыру ағзаны отырғызуды қажет ететін емделушілерге жасалынатын операциялардың санын көбейтуге мүмкіндік береді.