2014 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 11.00-де №1 қалалық ауруханада «Белсенді ұзақ өмір сүрумен жүз жылдықты тойлайық!» ұранымен жыл сайынғы денсаулық фестивалі өтті.
1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйекте барлық республика бойынша «Денсаулық фестивалі» өтеді, ол нағыз Денсаулық мерекесі болды. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» - осылай Президенттің соңғы Жолдауындаға стратегиялық бағыттарының бірінде айқын көрсетілген.
Осы фестиваль жақсы дәстүрге айналды. Оның мақсаты спортты дәріптеу және салауатты өмір салты туралы ақпарат беру. Жыл сайын ол біздің республикамыздың барлық аймақтарында қатысушыларды жинап, барлықтарын спортқа және салауатты өмір салтына шақырады.
Осы күні №1 қалалық аурухананың қызметкерлері флешмобқа қатыса отырып, жағымды эмоциялар мен сергектік қуатын алды. Фестиваль тек аурухана қызметкерлері үшін ғана емес, сондай-ақ аурухананың барлық емделушілері мен келіп кетушілері үшін үлгі болды. Ол спорт көптеген халықты қатыстыра отырып, жыл өткен сайын одан әрі дамып келетінін дәлелдеді.
Сонымен қатар фестиваль қатысушыларын жағымды жалғасы көрме күтті, онда сұлулық, денсаулық және салауатты тамақтану бойынша өнімдер ұсынылды. Іс-шараға қатысқандардың барлығы салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану жөнінде көптеген жаңалықты білді.