2014 жылдың 1 қазан айында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының конференц-залында Халықаралық қарттар күніне орай арналған салтанатты жиналыс өтті.
Атаулы күндер бойынша, соның ішінде Халықаралық қарттар күні ардагерлерді құттықтау Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында жақсы дәстүрге айналды. Мерекеге осы жағдай бойынша зейнеткерлік демалыстағы және осы күнге дейін өз кәсіби борышын орындап жүрген 100-ге жуық қарттар шақырылды. Осы адамдар көп жылдар бойы, барлық өз күштерін, білімдерін, тәжірибесін адамдар денсаулығына арнаған.
Мерекелік іс-шараны № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері – Алексей Владимирович Цой ашты. Ол бүгінгі күндегі ұжым тіршілігі, соңғы оқиғалар туралы, болашаққа жоспарларын айтты және әрине қымбатты ардагерлерді құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі үшін рақметін айтты.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін аурухананың әкімшілігімен және кәсіподақ комитетімен гүлдер, есте қаларлық сыйлықтар берілген және елорда бойынша экскурсия ұйымдастырылған болды. Сондай-ақ дәстүрлі шай ішу болды, онда ардагерлер еске түсірумен бөлісті және әрқайсы адамдар денсаулығының игілігіне ұзақ еңбек еткені үшін жылы алғыс сөздерін айтты.
Ардагерлер өз кезегінде алғысын айтып, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс пен ашық аспан тіледі.