2014 жылдың 08 қазанында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында «Ағзаны трансплантациялаудың хирургиялық дағдылары және операциядан кейінгі асқынуларды емдеуін іске асыру тәртібі» тақырыбына арналған тірі донордан ағзаны трансплантациялау бойынша халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум ұйымдастырушылары болып: Сеул Ұлттық университетінің госпиталі, Трансплантация бойынша ұлттық үйлестіру орталығы, «Астана Медицина Университеті» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы сөз сөйледі.
2014 жылдың 9-10 қазан аралығында Симпозиум шеңберінде Сеул Ұлттық Университеті Госпиталінің (Корея Республикасы) мамандарымен бірлесе бауыр мен бүйректің туыстық трансплдантациясы бойынша мастер-класстар өткізілген болды.
Қазіргі заманда трансплантология ҚР денсаулық сақтау жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады. Сол немесе басқа ағзаны алмастыру бойынша операцияны орындау, елімізде медицинаның дамуының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Инновациялық технологиялардың трансфертіне байланысты, Қазақстан Республикасының қажетсінетін азаматтарына трансплантология бойынша операциялар қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасының жағдайларында мамандармен орындалады.
Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы Қазақстан Республикасында инновациялық технологияларды енгізетін, қалалық деңгейдегі алғашқы стационар болып келетінін атап өту керек. Бұл аурухананың бауыр мен бүйректің туыстық трансплантациясы бойынша алғашқы тәжірибесі емес. Осы жолы туыстық трансплантация бойынша үш операция жасалған болды: бір операция бауырды трансплантациялау бойынша және екі операция бүйректі трансплантациялау бойынша. Дәрігерлік терминологияға сәйкес реципиенттер мен донорлардың жағдайы қанағаттанарлық.
Осындай мастер-класстар жоғары мамандандырылған және жоғары технологиялы медициналық көмекті енгізу жолымен қазақстандық медицинаны дамытуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде біздің азаматтарымызға дүниежүзілік деңгейдегі қызметтерді Қазақстанда алуға жағдай туғызады.